Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтардыңтұрғындары, Сіздерге 2 сәуірден бастап Ақсу қаласы ішкі істер бөлімінің ауданаралық тіркеу-емтихан жұмысытобының (бұдан әрі-АТЕТ) ХҚКО-да қабылдайдыдеп хабарлаймыз. АТЕТ автомотокөлік құралдарын есепке қоюмен, көлік құралын есептен алу және есептен шығарумен, жүргізуші куәліктерін ауыстырумен, есепке алу туралы анықтама берумен айналысады. Сондай-ақ, АТЕТ-ның бұрынғы ғимаратында қазіргі кезде Ақсу қаласы ішкі істер бөлімініңәкімшілік практика тобының (бұдан әрі-ӘПБ) қабылдайтыны туралы хабарлаймыз, мекен-жайы: Вокзальная көшесі 11. ӘПБ айыппұлдарды өндіріп алумен, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құжаттарды есепке алу базасына енгізумен, жол-көлік оқиғалары бойынша қылмыстық істерді тергеумен, облыстық, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды, сондай-ақ Ақсу қаласы жол-көше желісін тексерумен айналысады.


2018-04-09 19:03:36

Сондай-ақ оқыңыз