Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы хабарламалар мен өтініштерді қабылдау және тіркеу ережелері.

 


 

Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары егер Сіз алаяқтық фактілерімен немесе қылмыстың басқа түріне тап болып оған өзіңіз ұшырасаңыз, шұғыл түрде «102» нөмері арқылы полицияға хабар беріңіз. Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпарат түскен кезде бірден оны ішкі істер органдарының ақпаратты есепке алу кітабына тіркейді.

Ақсу қаласының ішкі істер бөліміне өтінішпен (ҚР БП бекітілген үлгілер бойынша), қылмыстық құқықбұзушылық хабарламасымен жүгінген өтінішкерге, бірегей нөмері бар хабарлама-талоны беріледі.

Егер Сіздің хабарламаңыз, өтінішіңіз немесе басқа да қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпаратыңыз есептен жасырынып қалса, сондай-ақ сізге қатысты немесе басқа тұлғаға қатысты қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттерді жасап, лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланса «6-31-44» нөмері арқылы сенім телефонына қоңырау шала аласыз. Анонимдікке кепіл беріледі.

 


2018-04-06 10:10:39

Сондай-ақ оқыңыз