Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Жол қозғалысы қауіпсіздігінің аптасы» акциясы

 

Ағымдағы жылдың 13 пен 19 қараша аралығында Ақсу өңірінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің аптасы» акциясы өткізіліп жатыр.

Акция шеңберінде «Сіздің жолаушыңыз-бала» іс-шарасы өткізілді, шара барысында жүргізушілерге буклеттер берілді, оларда балаларды автокөлік арқылы тасымалдауға бір айдан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған тежеу құрылғыларының түрлері көрсетілген, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жазылған полицейлердің  ақыл-кеңестері жайлы парақшалар қала тұрғындарына берілді. Полицейлермен Ақсу қ. орта мектептерінің ұстаздарымен кешкі уақытта оқушылардың киімдерінде жарық шағылыстыратын элементтерді, стикерлерді қолдану маңыздылығы бойынша семинарлар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында «жол қозғалысының қауіпсіздігі» суреттер конкурсы жарияланды. Бұдан басқа мектептерде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша дәріс және сурет байқауын қорытындылау жоспарланған. Байқау қорытындысы шыққаннан кейін балалар полицейлермен бірге өз суреттерін жүргізушілерге таратады.

Құрметті Ақсу өңірінің тұрғындары Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз!

Жүргізушілер абай болыңыздар, жылдамдық режимін арттырмаңыз, өзіңіздің автокөлігінізді белгіленбеген орындарда қалдырмаңыз, тұрақ ережесін қатаң сақтаңыздар, жаяу жүргіншілермен сыпайы болыңыздар!

Жаяу жүргіншілер жолды белгіленген орында өтіңіз!

Ата-аналар, өз балаларынызды қараусыз жібермеңіздер оларға жол жүріс қағидаларын үйретіңіздер!

Бұл ұсыныстарды сақтай отырып сіз өзіңіздің және өз жақындарыныздың өмірін мен денсаулығын сақтап қаласыздар!


2017-11-16 12:25:52

Сондай-ақ оқыңыз