Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Алаяқтық

Алаяқтық - бөтен адамның мүлкін ұрлау немесе адамды алдаумен, сенімге қиянат жасаумен мүлік құқығын өзіне алу. Бұл мәселемен айналысатын тұлғаны алаяқ деп атайды. Бұл ретте алдау деп ақиқатты бұрмалау (белсенді алдау), сондай-ақ ақиқатты жасыру (пассивті алдау) деп түсіндіріледі. Екі жағдайда да алдаудың құрбаны болған адам өз мүлкін алаяқтыға өзі береді.

Алаяқтылар ақшаны алдап шығарудаң алға ілгеріліп, компьютерлік имитациямен дауысын өзгерте алады. Осылайша алаяқтылар бір отбасының ізінен қалмай, отбасы қандай, неше баласы бар, балалары неше жаста қайда оқитының және ұлының автокөлік жүргізетін студент екенін біліп алып, оның телефон номерін тауып алады. Бір қызды сол жігітке жіберіп: «менің телефонымның ақшасы тауысып қалды, сіздең қоңырау шалсам бола ма?»-деп сұрап, алаяқтыларға телефон соғады. Бұдан кейін алаяқтылар жігіттің номеріне қоңырау шалып дауысын диктофонға жазып алып, комьютерлік бағдарламалармен оның дауысын компьютерлік синтезатор арқылы жібереді. Ендігі кезекте синтезатор арқылы алаяқ жігіттің атынан, оның дауысымен сөйлейді. Содан соң олар өз жұмысын келесі схема арқылы бастайды; жігіттің ата-анасына (көбінесе анасына, себебі әйелдер өздігінен эмоционалды болып келеді) ЖПП қызметкері қоңырау шалып, баласының ЖКА-ға түсіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлайды. Телефонды баласына беріп, баласы барлығының шынайы екенін айтып, патрульдік машинаның ішінде отырғаның растайды. Ата-анасына баласын түрмеден алып шығудың амалы бар екенін айтып 1 000 000 мөлшеріндегі ақша сомасын сұрайды. Бұл ақша үшін олар өлікті басқа жерге апарып қажетті куәгерлерді тауып баласын түрмеден алып шығуға дайын. Шың мәнінде алаяқтылар баланың артынан аңдап, оның үйіне уақыттан ерте оралмауын бақылайды. Осындай оқиғалар Ақсу қаласында да орын тапты.Сол себепті Сіздерді сақ болып, алаяқтылардың қулығына ұшырамауыңызды сұраймыз. Егер кенеттен Сіз осындай оқиғаға тап болсаңыз кешіктірмей Ақсу қ. ІІБ кезекші бөліміне 6-43-55 немесе 102 нөмерлер арқылы хабарлаңыз


2017-11-13 09:37:12

Сондай-ақ оқыңыз