Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы

  2017 жылғы 13 қыркүйектен бастап 31 қазан айына дейін Ақсу қаласы және ауылдық аймақтарда «Борышкер» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараның мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтаратын тұлғалардың орналасқан жерлерін ҚР ӘҚтК-нің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін анықтау.

669-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатың орындамау айыппұл салуға әкеп соғады, - жеке тұлғаларға-он, лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  Шара өткізу барысында бүгінгі күнге дейін әкімшілік айыппұлдар бойынша 6 млн. 435 теңге соммасындағы  554 қаулы өндіріліп алынды. Полицияның учаскелік инспекторлары борышкерлердің ауласын, пәтерлерін аралап тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл шараға 2 мобильдік топ құрылған болатын.

Әкімшілік айыппұлды төлеген соң түбіртекті Ақсу қ. ІІБ ӘПБ әкімшілік практика тобына тапсыру қажетттілігі туралы Сізді хабардар етеміз. Мекенжайы: Дөнентаев көшесі 50 кабинет № 2.

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

2017 ж 31.10


2017-10-31 17:32:15

Сондай-ақ оқыңыз