Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Баспасөз-релизі

 

Ақсулық полицейлермен бір сағат ішінде балалар киімін ұрлау фактісі бойынша күдікті отбасылық жұп анықталып ұсталды.

Ақсу қаласының полициясына Астана көшесінде орналасқан  дүкеннен балалар киімдері ұрланғаны жайлы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді.

Мән-жайды анықтау кезінде полиция қызметкерлерімен бенебақылау камерасы арқылы азиат және еуропалық екі күдікті тұлғаның сыртқы келбеті шамамен 26 жастағы облыс орталығының тұрғындары анықталды. Сондай-ақ ұрлық төмендегідей жүзеге асырылды: әйел сатушының көңілін аударып жатқан кезде, ер адам киімдерді ұрлады: балалар күртешесі, джинсы сарафаны, іш көйлектер және шолақ шалбарлар.

Бұдан бұрын осыған ұқсас жасаған құқық бұзушылықтар үшін сотталған жас ерлі-зайыптылар кінәләрін толық мойындады, өз қаласына кете алмады, себебі полиция қызметкерлері күдіктілерді автовокзалда күтіп алып оларды сол жерде ұстаған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 15.09


2017-09-15 18:15:36

Сондай-ақ оқыңыз