Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ДАЛАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

     Жолдағы дұрыс жүріс-тұрыс, мектепке дейінгі баланың көшедегі қауіпсіздіктің негізгі аспектілердің бірі. Теория жүзінде біз барлығымыз білеміз, жолды кесіп өтуге тек белгіленген жерлерде және тек қана бағдаршамның жасыл түсінде болады (немесе «ала құлан» реттелмейтін жаяу жүргінші жолы арқылы). Тәжірибе жүзіне келетін болсақ,  ересектер жеңіл ережелерді екінің бірінде бұзып жүреді, балалар болса осы әрекеттердің дұрыс екеніне сеніп ұғынып алады! Ата-аналар есіңізден шығармаңыздар,  балаға қалай және қайда жолдан өту керектігін хабарлау жеткіліксіз, өз сөздеріңізді тиісті мінез-құлық арқылы күн сайын бекіту қажет, әйтпесе сіздің нақыл сөздеріңіздің еш мағынасы болмайды.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Велосипедті тебу үшін жүргін бөліктен алыс жерді таңдаңыз. Бала басқаруды орындай алмай жолға шығып кетуі мүмкін, бұл кезекте сіз оны тоқтата алмайсыз.

    Міндетті түрде балаңызбен белгісіз адамдармен неге сөйлесуге болмайтынын және оның неге қауіпті екенін түсіндіріңіз. Мысалы, «сені бізден өте алыс жерге әкетіп бөтен үй ішінде жауып кетуі мүмкін» және т.б. Жанында ата-анасы болмаған жағдайда бөтен тәтелермен және ағалармен сөйлесуге болмайтынын, сондай-ақ олардың қасына 1 метрден жақын қашықтыққа жақындауға болмайтынын (қолынан немесе аяғынан ұстап алуы мүмкін), бұдан әрі олармен «қонаққа» баруға немесе машинаға отыруға болмайтынын айтып түсіндіріңіз.

         Қылмыскерлер балаларды қалай алдауға болатынын жақсы біледі, ең көп қолданылатын тұзақтар;

  1. Көңіл көтеру: «Біз мультфильм көреміз, комьютермен ойнаймыз, жүретін және сөйлейтін үлкен робот көреміз».
  2. Өтініш: «Анау үйдегі осындай пәтерге кіріп менің сүйікті қызыма мына гүлдерді беріп жіберші, оған тосын сый жасағым келіп тұр», «Менің ұлыма ойыншық таңдауға көмектесіп жіберші».
  3. Сыйлықтар: «Қара, менде қандай телефон. Сенде осындай телефонды қалайсың ба? Кеттік, ол менің машинамда жатыр».
  4. Үйге жеткізіп салуға ұсыныс жасау.
  5. Ата-аналарынан ұсыныс: «Ата-анаң жұмыстан шыға алмады, сондықтан сені мектептен алып кетуімді өтінді».

Егер бала жоғалып кетсе......

Далада немесе сауда үйінде жоғалып кеткен баланы табу оңайға соғады, егер ол.....

  • өзінің атын және тегін, ата-анасының аттарын, үйдің мекенжайын, және жоғары пилотаж-телефонын айтса.
  • аялдаманың атын, сондай-ақ аймақтың кейбір ерекшіліктерін (үйге қарама-қарсы тұрған сағаты бар мұңара, жақын маңдағы дүкен және т.б.);
  • егер жақындарынан алыстап кетіп, қайда бару керектігін білсе (ақпарат тіреуіне, кассаға, күзетшінің жаңына);
  • білезік (салпыншақ) қиіп жүрсе, ата-анасының телефоны жазылған (бұл көбінесе баланың әлі жеткіліксіз жақсы сөйлей алмайтыны кезінде қолайлы). Назар аударыңыз, бұндай білезікте баланың атын жазбауға тырысыңыз, себебі аса қауіпті ересек адам баланың сеніміне бұндай тәсілмен кіре алады. 

 

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 25.08


2017-08-25 10:58:58

Сондай-ақ оқыңыз