Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жүргізушіге тыйым салынады

 

-  Көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз жүргізуге, көлік құралын жүргізу құқығы немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікпен, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен;

-   Көлік құралын мас күйінде жүргізуге(ішімдік, есірткі қолдану немесе токсикоманиялық); реакция мен назарды төмендететін дәрі-дәрмек әсерінен, жол қозғалысын қатерге тігетін сырқатты және шаршаңқы күйде;

-   Ақаулы көлік-құралын және техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын жүргізу, М1 санаттағы көлік құралын есепке алмаған жағдайда, жасы жеті жастан аспайтын, шығару жылын қоса, кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын автокөлік құралдары саласында;

Қөлік құралы иесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдаймен міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралын жүргізу, көлік құралы иесінің жауапкершілігі немесе тасымалдаушының жүгіншілер алдындағы жауапкершілігі туралы міндетті сақтандыру шарты;

-   Мемлекеттік тіркеу нөмірлері белгілері жоқ көлік құралын жүргізу, немесе олардың тіркеу құжаттарымен сәйкес болмауы;

-   Мас күйіндегі тұлғаларға көлік құралын жүргізуді тапсыру, реакция мен назарды төмендететін дәрі-дәрмек әсерінен,сырқат және шаршаңқы күйде, сондай-ақ көлік жүргізуді оқытатын оқытушыларды есепке алмаған жағдайда, өз алдында жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларға (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын анықтайтын құжат), осы санаттағы көлік құралын басқару құқығына немесе жол (маршруттық) парағында көрсетілмеген;

-  ұйымдасқан (оның ішінде жаяу) колонналарды өтуге және оның ішінен орынды алу;

-   көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану, құлаққап немесе дауысты байланыс арқылы ғана қолдануға болады

-   көлік құралын басқаруға байланысты жұмыс істемейтін тежеуіш жүйесімен немесе тұтқалық басқарумен, бұзылған тіркеу құрылғымен (пойыз құрамында), ал тәуліктің қараңғы уақыттарында жасанды жарықтандырғыштары жоқ жолдарда, немесе нашар көріну жағдайында, жанбаған (жоқ) фаралармен және (немесе) артқы габариттік оттармен, жаңбыр немесе қар жауу кезінде – жел әйнегінің шыны тазартқышының бұзылғанымен;

Ескерту. Көлік құралын тоқтатуға немесе қозғалысы кезінде ең төменгі жылдамдықта маневрді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жұмыс істемейтін тежеуіш жүйесі немесе тұтқалық басқару бұзылған болып есептеледі.

-  жол-көлік оқиғасынан кейін алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды қолдану, немесе ішкі істер органдары қызметкерінің талабымен көлік құралы тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлғаның мас күйін анықтау мақсатында куәландыру өткізілгенге дейін немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның мұндай куәландырудан босату туралы шешімді қабылдағанға дейін.

 

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж2 5.08


2017-08-25 10:56:05

Сондай-ақ оқыңыз