Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Аула ішіндегі апатты тұрақтар

   Көшедегі абыр-сабырдың кесірінен автокөлік иесі көбінесе өзінің «темір тұлпарын» қандай да болсын мақсатпен автокөлікті қойғысы келеді, автомобильдер тұрағы жөніндегі ЖҚЕ көптеген ережелерін бұзуымен. Кез-келген автокөлік иесіне әкімшілік құқық бұзушылықтар санкциялар бар екенін ұмытпаған жөн. Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, кез-келген тротуардағы көлік тұрағы жаяу жүргіншілер үшін кедергі жасамауы тиіс.

Автокөлікті автотұрақ шегінен тыс жерлерде қалдырып, Сіз өз басыңызды үлкен тәуекелге ұшыратасыз. Бұндай жағдайда зақымданған автокөлікке ешкім жауап бермейді.

Автокөлік иесі көбінесе ағымдағы күні күзет жұмыстарын өткізу туралы хабарландыруды байқамай аумақты санитарлық күтіп ұстау Ережесін бұзып бәрібір өзінің автокөлігін аулада қояды.

 Жүріс бөлігінде қараусыз қалдырылған Сіздің автомобиліңіз үшін тағы бір қауіптілікті ұмытпағанымыз жөн, жалпықалалық сипаттағы іс-шараларды өткізу кезінде оны бір орыннан екінші орынға мәжбүрлеп ауыстырып жібереді.

  Төтенше жағдайлар туындаған кезде ауладағы табиғи тұрақтар арнайы қызметтердің жұмысына кедергі жасайды, мысалға бір жерде үй өртенген жағдайда өрт сөндіру көлігі дереу келіп өртті алдын алуға тиіс, бірақ егерде жүргізушілер өзінің қөлігін ауланың әрбір көрінген жеріне қойса өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жете алмайды, яғни өртті тоқтата алмайды. Жүргізушілер өз өміріне аландатушылық танытпаса да, айналадағы адамдардың өмірлері қандай-да бір шамада оларға байланысты екенін түсінуі қажет. Өздерінің көліктерін қалай және қайда қоятынына байланысты. Осы себеппен арнайы қызметтерге осындай келенсіз жағдайларды туғызбау мақсатында және өз материалдық мүлікті сақтап қалу мақсатында машиналарды арнайы автотұрақтарға қою туралы ойлану керек. Себебі түнгі уақытта автокөлік салондары ішінен жүргізушінің жеке мүлкіне қатысты ұрлықтар жасалынады.

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 25.08


2017-08-25 10:53:12

Сондай-ақ оқыңыз