Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Адам өлген кезде не істеу керек

  Жақын адамның өлі - кез келген адам өміріндегі ауыр соққы. Көбінесе жақын туыстар өлім алдында абыржып қалады. Ендігіне істеу керек?..

Егер өлім үйде болған жағдайда, қайтыс болған адам соңғы 3 айда дәрігердің байқалып немесе созылмалы аурулар бойынша есепте тұрса, бірден қайтыс болғаннан кейін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті ресімдеу үшін жүгінуіңіз қажет. ЕСІҢІЗДЕН ШЫҒАРМАҢЫЗДАР, көптеген емханалар демалыс және мереке күндері жұмыс жасайды.

  Егер қайтыс болған адам тұрғылықты жері бойынша емханада қаралмай кенеттен қаза болса, өлім түнгі уақытта немесе мереке күні орын алса, сот-медициналық куәландыруға қажетті қағаздар жасау үшінполициянышақыру қажет.

Егер өлім ауруханада басталса, медициналық куәлік ауруханадағы мәйітханада рәсімделеді. Егерде ауруханада мәйітхана жоқ болса,

Егерде өлім үйден тыс жерде басталса, қайтыс болған адамды сот-медициналық сараптаманың мәйітханасы жеткізеді.

Егер өлім үйден тыс жерде (саяжайда, қонақта, далада, жұмыста) болған жағдайда полицияны шақыру қажет.

Өлім туралы медициналық куәлікті алған кезде, тексеріңіз:

- құжаттың берілген күнің (ағымдағы күн) және өлім күнініңдұрыс жазылуын;

- өлім туралы медициналық куәлікке жазылған  жеке тұлға деректерінің сәйкестігі;

- өлім орны туралы жазуының бар болуы;

- қайтыс болғаны туралы медициналық куәліктің артқы жағында емдеу мекемесінің домалақ мөрі болуы қажет, сондай-ақ құжатты берген дәрігердің қолы, тегі және лауазымының  болуы, және диагноздың жазылуын тексеру қажет.

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж25.08


2017-08-25 10:50:25

Сондай-ақ оқыңыз