Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінде тергеушілер ашық кабинетте жұмыс жасайды

Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінде тергеушілер ашық кабинетте жұмыс жасайды

  Осы кабинеттер «Азаматтар мүддесінде қылмыстық процесті оңтайландыру» сынамалық жобасын іске асыру мақсатында ашылды.

  Тергеушінің кабинеті видеобақылау камерасымен жабдықталған. Бұл камера тәулік бойы болып жатқанның барлығын түсіреді. Ұсталғандардың туыстары жауап алудын қалай өтіп жатқанын көре алады, видеодағы  "сурет" автоматтандырылған режимде кезекші прокурордың кабинетіне беріледі, бұл кабинет полицияның бірінші қабатында орналасқан, сондай-ақ тергеушінің кабинеті сияқты ашық. Барлық тергеу әрекеттері теледидар экранына пернетақтаның бір батырмасын басу арқылы шығарылады, ол кезекші прокурордың кабинетінде орнатылып, онлайн режимде жұмыс істейді.  Ендігі кезекте кезекші прокурорға тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кабинеттерге кірудің қажеті жоқ, ол барлық әрекетттерді монитор арқылы көре алады, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда бірден әрекет жасай алады.

  Бұған дейін Павлодар мен Екібастұз қалаларында - тергеуші, жедел уәкіл және кезекші прокурордың ашық кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттерде полиция қызметкерлерінің барлық әрекеттеріне аудио және видео бақылау жүргізіледі.

  Жаңа енгізілім полиция жұмысының ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді, жәбірлеуді және де тергеу кезінде заңсыз тәсілдерді қолдануға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жасайтын мүмкіндікті болдырмайды, тергеу барысына деген шағымдардың саны азайтылады.

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 08.02

 

 

 

 


2017-08-02 11:16:06

Сондай-ақ оқыңыз