Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

596-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу

      1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет –елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 596-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VIЗаңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

         Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 08.02 

 

 


2017-08-02 11:09:20

Сондай-ақ оқыңыз