Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Көлікті мас күйде жүргізуге болмайды!

Көлікті мас күйде жүргізуге болмайды!

  Егер сіз өзіңіздің автокөлігіңізбен достарыңыздың үйіне, қандай да бір мерекені атап өту үшін барсаңыз, әрине аздап ішімдік ішетін шығарсыз, оған ешкім де тыйым салмайды. Алайда бұндай күйде көлік жүргізуге тыйым салынады, сіз бұны түсінуіңіз керек. Автокөлікті үйдің ауласында немесе көлік тұрағында қалдырып кеткен дұрыс.

Осы жай-күйдің кейбір аспектілерін қарастырайық.

Ағза ішінде бұл кезде не болады? Сопақша ми – көруді, эмоциялауды және ойлаудың бақылауын қамтамасыз етеді.

  Егер сіз ішімдік ішсеңіз, онда бұл функциялар төмендейді. Сонымен қатар сопақша мидің жүрек қағу және тыныс алуда шешуші маңызы бар. Қанның ішінде ішімдіктің мөлшері жоғары болған жағдайда, осы процестердің тежелуі басталады. Қозғалыс үйлестірумен және рефлекстермен ми айналысады.

  Хабарлар нейронның көмегімен ми бағытына және кері бағытта жеткізіледі. Сондай-ақ электр сигналдарын жүргізетін нейрондық және түйіспе байланысы бар. Түйіспелердің болмауы автоматты түрде байланыстың болмауын білдіреді. Түйіспелерге ішімдік әсер етіп, оның кесірінен байланыс оқшауланады. Сондықтан мас адам айналасында болып жатқан қимылдарды дұрыс қабылдамауы мүмкін. Мас жүргізуші тежегішке дер кезінде басуды үлгермейді және бұрылыстарды дұрыс байқамайды.

  Егерде сіз тәуекелге барып осындай күйде көлікті үйдің қасындағы аулада немесе көлік тұрағында қалдыруға бел бумай жүргізем десеңіз, сіз бір объектіден екінші объектіге дейінгі арақашықтықты дұрыс бағалай алмайтыныңызды түсіну керексіз. Басқаша айтқанда, көлікті басқару қолыңыздан келмейді. Нәтижесінде сіз үшін де, басқа қозғалыстағы жүргізушілер үшін де қауіп туындайды.

Ақсу қ. ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

2017 ж 06.15


2017-06-15 11:01:21

Сондай-ақ оқыңыз