Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Ардагерді құттықтау»

«Ардагерді құттықтау».

   Соғыстан кейінгі жылдарда ішкі істер органдарында қызмет еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау  – ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан  Павлодарлық полицияның жақсы дәстүрлерінің бірі.

Өкінішке орай, жарқыраған мерекелік отшашуларға жеткен ардагерлеріміз өте аз қалды. Олардың көпшілігі тоқсаннан асқан, мерекелік шерулерге қатыса алмайды. Кейбіреуіне қонақ күту қиынға соғады. Алайда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін қызметкерлерді ардагерлер қуана күтеді.

  Биылғы жылы 92 жасқа толатын соғыс ардагері Құдайберген Капсалямовты Ішкі істер бөлімінің полиция бастығы подполковник Скляр Василий Васильевич  және жас қызметкерлер құттықтады. Өзінің ордендері жарқыраған мерекелік кительін киіп ардагер полиция қызметкерлерін табалдырық алдында күтіп тұрды.

  17 жасында ол соғыстың не екенін білді. Майданда оны аса ауыр қанды шайқас тосып тұрды, соғыстың от жалыныңда – көптеген қалаларды босату және алу үшін шайқас, соның ішінде Берлинді алу жолындағы көшедегі шабуылдау шайқастары.

  Оның қызметтік тізімінде лайықты сарбаздар марапаттары: 3-ші дәрежелі Даңқ Ордені, 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және көптеген басқа марапаттар.

  Полицейлер гүл шоқтары мен сыйлықтарды тапсырып, оның сүйікті әскери әндерін шырқады. Ардагерге денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі.

   Ардагер өз кезегінде оған деген ілтипаты үшін және тек қана Жеңіс күні мерекесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де  туындаған әлеуметтік – тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек қолын созатындары үшін полицейлерге ризашылығын білдірді. Бізбен қоштасып ардагеріміз «100-жылдық мерейтойды бірге карсы аламыз» - деп уәде берді.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

2017 ж 05.25

 


2017-05-25 10:35:40

Сондай-ақ оқыңыз