Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Жас инспекторлар – біздің қаламыздың болашағы

Жас инспекторлар – біздің қаламыздың болашағы

 Ақсу қаласының оқушылары жол қозғалысының жас инспекторлары облыстық жыл сайынғы слетінде бірінші орын алды.

      Қазақстан полициясының 25 жылдығын мерекелеу және Павлодар  қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығы шеңберінде  жол қозғалысының жас инспекторлары облыстық жыл сайынғы слеті өтті.

 Слеттің конкурстық бағдарламаларында облыстық орталықтардың, облыстың қала мен аудандарының 15 мектеп командалары қатысты. Әр командада 10 қатысушылардан болды.

     Слеттің бағдарламасы  бір-бірімен жарысып бақ сынау сипатында болды және мына: сап түзеу байқауы, жас жол қозғалысын реттеуші, Жол қозғалысы ережесінің үздік білгірлері, жас санитарлар, зияткерлер және насихат бригадалары турнирлері, сондай-ақ «Қауіпсіз дөңгелек» велосипедпен мәнерлеп жүргізу номинациялары бойынша 7 конкурстардан тұрды.

«Сап түзеу байқауы» қызықты әрі көз тартарлық тартыс болды. Сапқа тізілген және парад формасын киген жол қозғалысының жас инспекторларының жасақтары әскери жауынгерлерше бой түзеп, күрделі  сап түзеулерді оңайлықпен орындады және салтанатты әскери  парадқа қатысқандай, өздерінің өнерлерімен көрермендердің көз айымы болды.

Байқаудың барлық түрлерінің нәтижесі бойынша ең үздік танылған Ақсу қаласының «Сұңқар» командасы жол қозғалысының жас инспекторларының он жетінші облыстық слетінің жеңімпазы атанды. 2 орынды Ақтоғай ауданының «Қауіпсіз дөңгелек» командасына берілді. 3 орынды – Железин ауданының «Бағдаршамның достары» командасы ие болды.

Жеңімпаз командалар және жүлдегерлер грамоталармен, дипломдармен, алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақсу қаласының ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі

 

 

 

2017 ж 05.23


2017-05-23 16:16:13

Сондай-ақ оқыңыз