Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Жолда қабылдау»

 

«Жолда қабылдау»

     Ақсу қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалы Ақсу қаласы ішкі істер бөлімімен бірлесіп «Жолда қабылдау» Республикалық акциясын өткізді. Акция аясында № 7 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Елбасы қойған міндеттерге сәйкес, мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына құқық бұзушылықты алдын алу, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық ағарту және халықты ақпараттандыру мақсатында, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықты жасауда "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру және "Жол қозғалысы ережелері» тақырыбы бойынша сынып сағаты Ақсу қ. ІІБ ЖПҚ қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету инспекторы Мақсат Кабдылашимович Айтказиннің, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы  АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Айдос Ырсымбекович Оразалиннің, «Нұр Отан» партиясының  АҚФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Асет Догаевна Махауридің және №7 орта мектеп директоры Асылбек Бейсенбаевич Букушевтың қатысуымен өткізілді.        Жүргізушілердің автомобильді жүргізген кезінде қандай тыйым салулар бар? – бұл сұрақ оқушылар арасында қызықтыратын сұрақтардың бірі болды. Осы сұрақ бойынша инспектормен оқушыларға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес түсіндірулер берілді. Сонымен қатар, акция аясында Астана және Әуезов көшелеріне маршруттық автобуспен жолға шығу жүзеге асырылды, сол жерде азаматтардың қалауымен жол-патрульдік полицияның қызметін жақсарту бойынша сауалнамалар толтырылды.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз қызметі.

 

 

 

2017 ж 05.23


2017-05-23 16:10:53

Сондай-ақ оқыңыз