Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Ақсу Торайғыровты оқиды».

«Ақсу Торайғыровты оқиды».

   Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасымен Республикалық «Бір ел - бір кітап 2017» акциясы өтті. Онда Ақсу қаласының түрлі салада және түрлі қызметте жұмыс істейтін тұрғындар қатысты. Осы акцияның мақсаты олардың қазақстан жазушылары шығармаларына,  поэзиясына қызығушылығын арттыру. Өйткені, қазір оқырмандардың саны азаюда, сондықтан кітаптарға көбірек көңіл бөлгеніміз жөн, себебі олардың көмегімен біз дамимыз.

Акцияға аурухана (дәрігерлер, мейірбикелер), зауыттардың, ішкі істер органдарының өкілдері, колледж студенттері, кітапхана оқырмандары сондай-ақ жергілікті ақындар қатысты.

Ақсу қаласы Ішкі істер органдарының қызметкерлері тек өз қызметімен тұрғындардың тыныштығын қорғаумен ғана айналыса қоймай, өз қызметімен қатар  қаланың шығармашылық өміріне де қатысуға тырысады.  "Ақсу Торайғыровты оқиды" бағдарламасына белсенді қатысқаны үшін Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапхана директорының алғыс хаттарымен Ақсу қаласы ІІБ қызметкерлері Магдашов Еркебұлан және Байболат Кәкім марапатталды.

 Қатысушыларды марапаттау концерттік нөмірлермен және қатысушылардың Торайғыровтың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқыған бейнероликтің көрсетілуімен аяқталды.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

2017 ж 05.22

 


2017-05-22 18:28:22

Сондай-ақ оқыңыз