Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Тишханбай Бұхара өрт кезінде адамды құтқарды.

Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Тишханбай Бұхара өрт кезінде ауыл тұрғындарын құтқарып қалды. 

 Полиция капитаны Тишханбай Бұхара Ақсу өңірінің Парамоновка ауылдық округінде қызмет көрсетеді.

 Сәуір айының бір күні түн ішінде учаскелік полиция инспекторының телефонына Парамоновка ауылының тұрғыны ұялы телефонына қоңырау шалып ауыл ішіндегі  Целинная көшесінің 9/1 үйінің өртеніп жатқаныт уралы хабарлады.

 Офицер өзініңбір да секунд уақытын жоғалтпай өрт болып жатқан жерге келді. Бірінші кезекте өз күшімен есікті бұзып ашып, жалындап бара жатқан үйдін ішіне кіреді. Еден үстінде еркекті көрді, үйден өздігінен шыға алмайтын екінші топтағы мүгедек. Бұхара оны көтеріп далаға алып шығып жедел жәрдем шақыртты.

  Ауыл тұрғыңдарынан үйдін ішінде тағы екі адамның бар екенін естіді. Үстіне дымқыл матаны жамыла сала ол екінші реет жалындап жатқан үйдің ішіне жөнеледі.

  Қатты түтін әсері ненбір нәрсені анық көру қиынға соқты, сондықтан ол қармалап өтіп есікті тапуып ішінде ұйықтап жатқан еркекті көрді.  Бұхара оны таза ауаға алып щықты.

  Өрттен адамдарды құтқару кезінде көрсеткен кәсібилілігі және қырағылығы үшін  полиция капитаны Тишханбай Бұхара көтермелеуге ұсынылды.

  Бұхара Ішкіістер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етіпк еледі. Екі баланы тәрбиелеп отыр, 5 жастағы ұлы мен 3 жастағы қызын.

 Әкесінің мақтауға лайықты осы іс-әрекеті өсіп бара жатқан балаларына үлгі болады.

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 25.04


2017-04-25 19:36:50

Сондай-ақ оқыңыз