Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Өзіндегі заңсыз сақталынған қару.

   Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қару мен ату құралдарын пайдаланумен қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту мақсатында, 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталынған қарулар, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады.
  Өзіндегі заңсыз сақталынған қару, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды ақшалай марапат үшін өткізуге ниет білдірген азамат, кез келген аудандық, қалалық ішкі істер органдарына өзінің жеке мәліметтерін, өткізетін заттар атауын, маркасын, калибр, қару нөмірін, ату жарақтарының саны және оларды қайдан алғаны жайлы ақпараттарды көрсете отырып өтініш білдіреді.
Мәдени құны бар ескі атыс қаруы (біртұтас оқтармен орталық атыс үшін жасалған қарудан басқа, 1899 жылға дейін жасалған атыс қаруы) мен қарулар комиссия шешімі бойынша жедел-криминалистикалық бөліністерінің немесе Ішкі істер министрлігінің мұражайының заттай коллекциясына берілуі мүмкін.
   Өткізілген қару, ату жарақтары мен жарылғыш заттар үшін азаматтарды сыйақымен марапаттауды бекіту мәселелері комиссиямен шешіледі.
Комиссия ұсынылған материалдарды бір айдан артық емес мерзімде өз еркімен өткізілген заттар мен өнімдердің техникалық жағдайын, сонымен қатар олардың өткізгені үшін берілетін сыйақы мөлшерін анықтайды.
Заңсыз сақталынған қару, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды өткізген азаматтарға Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы тағайындалады:
1) иір ойықты автоматтық атыс қаруының әрбір бір бірлігі үшін жүз еселік АЕК дейін;
2) ұзын ұңғылы иір ойықты атыс қаруының әрбір бір бірлігі үшін елу еселік АЕК дейін;
3) қысқа ұңғылы иір ойықты атыс қаруының (винтовка, карабин) әрбір бір бірлігі үшін қырық еселік АЕК;
4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бір бірлігі үшін отыз еселік АЕК дейін;
5) жарақат салатын тапанша немесе револьвердің әрбір бір бірлігі үшін он еселік АЕК дейін;
6) әрбір гранат, мина, ату құрылғысы ьмен артиллериялық снаряд үшін жеті еселік АЕК дейін;
7) жарылғыш өнімдерінің әрбір 1000 грамы үшін алты еселік АЕК дейін;
8) иір ойықты қаруға 5,6 мм артық калибрдің әрбір оғының бір бірлігі үшін отыздан бір АЕК дейін;
9) иір ойықты (кіші калибрлі) қаруға 5,6 мм калибрдің әрбір оғының бір бірлігі үшін жүз он бестен бір АЕК дейін;
Комиссиямен сыйақы мөлшерлері анықталу кезінде қарулану заттарының техникалық жағдайы 3 санат бойынша ескеріледі.
1 санатқа – пайлануға берілмеген және техникалық ақауы жоқ, сондай-ақ бұрын ұдайы пайдалануда болған, бірақ көрінетін және көрінбейтін ақаулары жоқ, тауарлық сипатын жоймаған қарулар жатады.
Ұсынылған бағасының 100 % есебінен ол үшін төлем жасалады.
 2- санатқа – ұдайы пайлануда болмаған, оның алдағы уақыттағы пайдалануына ықпар ететін жеке техникалық ақаулары немесе тауарлық сипатының кемшіліктері бар, жөндеу жолымен жоюды қажет етпейтін қарулар.
Осы санат бойынша ұсынылған бағасының 70 % есебінен ол үшін төлем жасалады.
 3 санатқа – алдағы уақытта пайдалануға жарамсыз немесе негізгі механизмдері, құрылғылары техникалық ақауларына байланысты пайдалануда қауіпті қарулар.
   Осы санат бойынша ұсынылған бағасының 30 % есебінен ол үшін төлем жасалады.
  Азаматтар сыйақы сомасын оның шот-картасына немесе ішкі істер органындағы касса арқылы аударады.
ІІБ-не өз еркімен заңсыз сақталынған атыс қаруларын, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қажетті ақпараттар алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша ішкі істер бөліміне, сонымен қатар облыс Ішкі істер департаментіне 8/7182/39-11-75,  Ақсу қаласы ІІБ кезекші бөліміне 8/1737/6-43-55, 6-77-99 хабарласуға болады

 

 

 

 

 

 

2017 ж 13.04


2017-04-13 19:45:51

Сондай-ақ оқыңыз