Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Өз велосипедіңді ұрлықтан калай қорғау керек.

   Велосипедіңізді кіреберісте, немесе түнгі уақытта үйлеріңіздің қасында қалдырмаңыз, тіпті егер де сізде арнайы жабушы құрылғы болса да көлік құралын үйіңізге алып кетіңіз (балконда орналыстыруға болады). Көптеген тұрғын үйлердің ішінде жертөлелер бар, сізде велосипедті сол жерде қалдыру құқығыңыз бар.

  Мүмкіндігінше велосипедті қараусыз қалдырмаңыз, тіпті аз уақытқа кетіп калсаңыз да. Велосипедті қарайтың адам болмаса, міндетті түрде оны арнайы металл өзегі бар жабушы құрылғымен көктеу керек.

  Сондай-ақ сіз рульге, дөңғалаққа, рамаға және басқа да велосипедтің егжей-тегжейіне ультрафиолет кезінде көрінетін арнайы маркермен таңба жасау мүмкіндігіңіз бар (Т.А.Ә. телефон нөмері).

  Велосипедті сатып алу кезінде сізге раманың сериялық нөмері жазылатын паспорт рәсімдеу керек. Паспорттың ішіне сериялық нөмердің дұрыс жазылғаның тексеріңіз. Велосипедке қатысты барлық құжаттарды сақтап қойыңыз. Раманың сериялық нөмерін, шаңышқы мен велосипедтің сыртқы түрін суретке түсіріп алып телефонда сақтап қойыңыз.

  Раманың көптеген сериялық нөмірлері орналасатын  жерлер суретте көрсетілген. Көптеген сериялық нөмірлер басқыштар қосылатын каретканың астында орналасады (сары нұсқар). Өз велосипедіңізді көтеріп нөмірін жазып алыңыз. Егер ол жерде сериялық нөмір болмаса, онда алдыңғы және артқы ашаларды тексеріңіз (ақ нұсқар).

  Кейбір велосипедтерде раманың бірден артық сериялық нөмірлер болады. Саңдардың бірі бірегей болу керек, басқалары мыңдаған басқа да велосипедтерменбірлескен өнімдерінің нөмірі болуы мүмкін. Керек болған жағдайда барлық сериялық нөмірлерін қарап шығыңыз.

Велосипед ұрлаңған жағдайда дереу жақын маңдағы полиция пунктіне немесе келесі нөмірлер арқылы хабарлаңыз: ЖБО «102», Ақсу қаласы ІІБ кезекші бөлімі 8/71837/6-43-55, 6-77-99.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 11.04

 


2017-04-11 11:22:08

Сондай-ақ оқыңыз