Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Погондағы әйелдер».

   Аймолдина Алтын Салимовна Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Щарбақты ауылының тумасы. Мектептің 11 сыныбын бітірген соң Павлодар мемлекеттік университетіне «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша күндізігі бөлімге түседі. Оны бітірген соң үміт күттіретін жас экономистАқсу ішкі істер бөлімікеңсе меңгерушісі ретінде жұмысқа, содан кейін Ақсу ҚІІБ мемлекеттік тілді дамыту тобының инспекторы лауазымына қабылданады. 2003 жылы Павлодар университетіне «заңгер» мамаңдығы бойынша сырттай бөлімге түсіп, 2005 жылы «заңгер» біліктілігін алып оқуын бітірді. 

  Алтын жай ғана уақытша қажетті жұмысты іздеп жүріп, кенеттенАқсу қаласы ІІБжұмысқа түсіп, орналасқан соң оған жұмысы және полицейлер формасы ұнап, барлығы көңілінен шықты. Алтын ойланбастан аттестаттануға бел буды. Осылайша ол полиция қатарына қосылды.

  2008 жылдың қараша айында Ақсу қаласы ІІБ мемлекеттік тілді дамыту тобының аға инспекторы лауазымына тағайындалды. 2008-2012 жылдар мансап сатысыментіл саясаты және ақпарат инспекторынан аға инспекторға дейін көтерілді. Қазірде Алтын Ақсу қаласы ішкі істер бөлімінінде штабтың аға инспекторы лауазымында жұмыс атқарып жүр. Күн сайын оның қолынан Ақсу қаласы ІІБ  есепке алу-тіркеу тәртібінің желісі бойынша ондаған құжаттар өтеді.

Полиция майоры Аймолдина Алтын жұмысын лайықты атқарып жүретін өз ісінің маманы. Өз қызметі үшін ол бірнеше рет ІІБ, ІІД және ІІМ бастықтарының бұйрықтарымен мадақталды.

Үйінде ол ата-анасы және ата-енесінің аяулы қызы және сүйікті зайыбы. 

Алтын үшін өз халқына лайықты адам болу оның өмірлік ұстанымы болып табылады.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

2017 ж 10.03


2017-03-10 17:31:19

Сондай-ақ оқыңыз