Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Баспасөз-релизі. «Жиналыс».

«Жиналыс»

   2017 жылғы 22 ақпан күні Ақсу қаласының ІІБ жиналыс өткізілді. Жиналысқа ЖШС «Зейін» (Павлодар-Ақсу жолы), ЖК «Орлов» (Ақсу-Парамоновка жолы), ЖШС «Межгортранс» және ЖШС «Ақсу бекеті» өкілдері қатысты. Жиналыстың басты сұрағы автобус салоны ішінен әйелдердің сөмкелері және қалталарынан ақша, ұялы телефон ұрлықтарының көбеюі болды. Себебі жол жүру кезінде әсіресе таңертен адамдардың ұйқылары қанбай олар жол жүру кезінде ұйқыға батады.Осы сәтте олардың сөмкелері және жеке заттары қараусыз қалады, сондықтан ұрыларға ұрлық жасау үшін ерекше күштің болуы қажет емес.

  Жоғалған заттарды жүргізушілер Павлодар қаласында желілік бөлімшесіне, ал Ақсу қаласында диспетчерлікке тапсырады.

   Ақсу қаласы ІІБ бастығының орынбасары бағдарлауларды таратып, оларды бекетке және барлық автобус пен маршруткаларға іліп шығуды өтінді. Автобус пен маршруткаларға бейнебақылау камерларын орнатқызу туралы ұсыныс жасады. Бұл ұрыларды тез тауып алуға көмектеседі, сонымен қатар жолда болып жатқан барлық құқықбұзушылықтарды бейнебақылау камерасы түсіріп алады. Осыған сүйеніп құқықбұзушылырдың бағдарын жасауға көмегі тиеді. Жүргізушілерге, жолаушыларға және полиция бөліміне бейнебақылаудың орнатылуы көп пайдасын тигізеді.   Осындай тәсілмен жүргізушілер мен жолаушылар өздерінің өмірін және жеке заттарын қауіпсіздендіре алады, себебі ұрылар мен құқыбұзушылар камераның алдында әрекет етуге батылдары жетпейді.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

 

2017 ж 28.02

 


2017-02-28 12:00:48

Сондай-ақ оқыңыз