Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына үміткерлерді таңдау және қабылдау жағдайы жөнінде АҚПАРАТ.

Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына үміткерлерді таңдау және қабылдау жағдайы жөнінде

АҚПАРАТ.

    Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап Ақсу қаласы ІІБ кадр жұмысы бөлімшесінде үміткерлерді қабылдау жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ҚР ІІМ жүйесінде 4 жоғары оқу орны: ІІМ Алматы академиясы, ІІМ Қарағанды академиясы, ІІМ Қостанай академиясы және ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты жұмыс істейді.

ІІМ Алматы академиясы «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша мамандандыруды: жедел іздестіру, ақпараттық жүйе, радиотехника, телекоммуникация, желі,  бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады.

ІІМ Қарағанды академиясы «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша мамандандыруды: сотқа дейінгі тергеп тексеру, жедел криминалистикалық қызметі бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады.

ІІМ Қостанай академиясы «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша мамандандыруды: әкімшілік-құқық қызметі бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады.

ІІМ Ақтөбе заң институты «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша мамандандыруды: әкімшілік-құқық қызметі, сонымен бірге қысқартылған мерзімде екінші жоғары заң білімі базасында емтихандар әңгімелесу түрінде өткізіледі, оқу мерзімі: 2 жыл.

Оқуға ағымдағы жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша 25 жастан аспаған, денсаулық жағдайы бойынша жарамды,

Қысқартылған бағдарламалар бойынша Ішкі істер органдарына қойылатын талаптарына жауап беретін  ҚР азаматтары.жеңілдетілген тәртіппен, яғни түсу емтихандарын заңдық сауаттылықты білу негіздері бойынша қабылдайды.

  • ІІБ практикалық қызметіне тез бейімделу.
  •  «Полиция лейтенанты» атағын қысқа мерзімде алу.
  • Тұру, тамақтану және оқу толықтай мемлекетпен қаматамасыз етіледі.
  • Ай сайынғы стипендия.
  • Түлекті ІІБ жүзпайыз жұмысқа орналастыру.
  • Оқу мерзімін жалпы еңбек өтіліміне теңестіру.
  • Қызметтің біріші күнінен бастап әлеуметтік пакетті қалыптастыру
  • Жалпыға бірдей әскери міндеттіліктен босату

  ҚР ІІМ оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтар саңынан Ішкі істер органдарына қойылатын талаптарға жауап беретін, жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік білімдері бар және денсаулық жағдайы бойынша жарамды үміткерлерді оқуға іріктеп қабылдайды.

Тестілеу талапкерлердің тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде, жалпы орта білім беру бағдарламалары көлемінде, келесі пәндер бойынша өткізіледі:

жоғары оқу орындарына «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша. «Тарих» және «Адам қоғам құқық» мамандандыру пәндері болып табылады.

Талапкерлерге қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде оқу рнының жатақханасы беріледі. ҚР ІІМ оқу оындарының түлектері міндетті түрде ІІБ аумақтық бөлімдеріне жұмысқа орналастырылады.

  Оқыту кезінде оқу орнының курсанттары мен тыңдаушылары казармалық жағдайда болады, тамақпен және киім кешекпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады. Бұның барлығы ІІМ үшін арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен, нақтылай айтқанда тегін негізде жүргізледі.

Оқу орындарында оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өтумен теңестіріліп, ішкі істер органдарында қызмет ету өтіліне есептелінеді. Жоғарғы оқу орынында оқу мерзімі – 4 жыл.

  Нақты ақпарат алу үшін Ақсу қаласы ІІБ Кадр жұмысы бөлімшесіне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесі 5, кабинет № 8, байланыс телефондары: 8/7182/6-31-44. 87478084796, 87472179640.

 

 

2017 ж 22.02

 


2017-02-22 10:54:42

Сондай-ақ оқыңыз