Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

 Баспасөз-релизі.

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

    Алаяқтық - бөтен адамның мүлкін ұрлау немесе адамды алдаумен, сенімге қиянат жасаумен мүлік құқығын өзіне алу. Бұл мәселемен айналысатын тұлғаны алаяқ деп атайды. Бұл ретте алдау деп ақиқатты бұрмалау (белсенді алдау), сондай-ақ ақиқатты жасыру (пассивті алдау) деп түсіндіріледі. Екі жағдайда да алдаудың құрбаны болған адам өз мүлкін алаяқтыға өзі береді. Ақсу қаласында алдыңғы жыл кезеңінде отызға жуық алаяқтылар тіркелді. Оның ішінде ашылған алаяқтық істер он жеті, ашылмағаны он үші. Алаяқтық көбінесе екі түрлі болады, бұл: телефондық және пәтерлі. Сондықтан бөтен адаммен телефон арқылы сөйлескен кезде сақ болыңыз, бұл адамның қандай екенін және қай мақсатпен сізге телефон шалғаның қайдан білеміз. Пәтерге қатысты мәміле жасамыз бұрын, міндетті түрде барлық құжаттарды тексеріп еңбек өтілі және лицензиясы бар нотариусқа жүгінгеніңіз жөн. Сонымен қатар жасап жатқан мәмілеңіз, тиісті белгілері бар бланкқа жасалуытиіс. Жыл сайын алаяқтылар көбейіп жатыр, сол себепті сізді өзіңіздің әрекеттеріңізді көздеп, дұрыс бұрысын анықтап қарауыңызды сұраймыз.

  Ақсу қаласында алаяқ жүр!

  25-30 жас аралығындағы азиаттық ұлтты, өзін Марат деген атпен таныстыратын жігіт. Ол  «OLX»-та «Ақсудағы жұмыс» тақырыбымен нөмері жазылған хабарландыру орналастырды. Өндірістегі тұрақты жұмысты ұсынады. Келесі қызметтер бойынша жұмыскерлерді шақыртады: жүк тиеушілер, әрлеушілер және операторлар. Еңбек ақысы 100 000 бастап 140 000 тенгеге дейін. Жәбірленушілер осы нөмерге телефон соғып, Марат оларға ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімін айтады, сонымен қатар бұл тізімде жоғарыда жазылған қызметтердің курстарында оқығаны туралы құжат қажет. Жәбірленушінің осындай құжаты болмаса, Марат оларға белгілі бір ақша сомасындағы  дайын құжаттарды өзіннең сатып алуды ұсынады. Жәбірленуші Маратпен кездесуге барған кезде, Марат бұл ақшаны алып жоғалып кетеді. 

  Телефондық хабарламалар (смс) ішіндегі кең таралғаңдар:

  1. Алаяқтылар ақшаны алдапшығарудаң алға ілгеріліп, компьютерлік имитациямен дауысын өзгерте алады. Осылайша алаяқтылар бір отбасының ізінен қамай, отбасы қандай, неше баласы бар, балалары неше жаста қайда оқитының және ұлының автокөлік жүргізетін студент екенін біліп алып, оның телефон номерін тауып алады. Бір қызды сол жігітке жіберіп: «менің телефонымның ақшасы тауысып қалды, сіздең қоңырау шалсам бола ма?»-деп сұрайды. Содан кейін олар жігіттің номеріне қоңырау шалып дауысын диктофонға жазып алып, комьютерлік бағдарламалар арқылы оның дауысының дыбысын ауыстырады, шың дауысын комьютелік синтезатор арқылы жібереді. Бұдан кейін іс-қимыл схемасы келесі; жігіттің ата-анасына (кобінесе анасына, себебі әйелдер өздігінен эмоционалды болып келеді) ЖИҚ қызметкері қоңырау шалып, баласының ЖКА-ның қатысушы болып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлайды. Содан соң телефонды баласына беріп, бала осының бәрі шын екенін және оның патрульдік машинаның ішінде отырғаның айтады. Ата-анасына баласын түрмеден алып шығудың амалы бар екенін айтып 10-15 мың доллар сұрайды. Бұл ақша үшін олар өлікті басқа жерге апарып қажетті куәгерлерді тауып баласын түрмеден алып шығуға дайын. Шың мәнінде алаяқтылар баланың артынан аңдап, оның үйіне уақыттан ерте оралмауын бақылайды.
  2. Тағы бір кеңінен таралған тәсіл болып, «ауруханадан қоңырау» болып табылады. Қылмыскердің қолына пациенттердің байланыс деректері және ауруханалық диагнозі бар карточка түседі. Содан кейін алаяқтылар дәрігер атынан пациенттерге қоңырау шалып (көбінесе кәрі-адамдарға) олардың тапсырған талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз (мысалға қаңында рак байқалғаның) айтып, емдеуге жатқызатын орындар аз, ота қымбат, сол үшін біршама қаражат енгізу керектігін, дәрігердің үйіне өзі келіп ақшаны алып кететінің түсіндіреді.   Осы кезде дәрігер отаның орнына дәрі-дәрмек (қымбат дәрі) алып емделуге болатынын айтады.

  Пәтер алаяқтылықтың түрлері:

 Жалған сенімхат және шарт.

  Шарттың нақты екі қорғау деңгей ғана болады, олар: бланк және мөртанба. Ьланкті интернеттен сатып алуға болады (2000 жылы жоғалган 5000 дана бланкілер табылмады), оған қоса қазір жаңа түрдегі бланкілер де сатылады. Жаоған сенімхат жасап оның көмегімен құжаттардың телнұсқасын алу оңайға соғады.

Таза нотариалды бланк қымбат, бірақ ауылдық аймақтардағы кеңес, аурухана, әскери бөлімшелерден сенімхаттар бар. Бланк және мөртаңбаның жалған екенін барлық адамдар байқамайды.

  Қалай сақтану керек?

   Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді жасау кезіңде әрқашан сақ болу керек.

Бәрінен бұрын адамдарға емес құжаттарға назар салу керек. Құжаттардың барлығы толық тәртіпте болуы жәнемәміле алдында танысу үшін ұсынылуы тиіс.

Риэлторлардан сатып алғыңыз келген пәтердің анықтамасын талап етіңіз. Анықтаманың арқасында сіз пәтердін иесін және ауыртпалықтың бар жоғын біле аласыз.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрағын барынша зерделеу керек. Сіздің заң сауаттылығыңыз табысыңыздың жартысы.

Өздерің жақсымаман ретінде көрсеткен қызметкерлермен жұмыс істеңіз.

Мәміленің қоррытындысына алаң болсаңыз, меншік құқығының ауысуын тым болмағанда бір жылға сақтандырып қойыңыз.

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

2017 ж 21.02


2017-02-21 09:37:16

Сондай-ақ оқыңыз