Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Такси жедел профилактикалық іс-шараның бірінші күнгі қорытындысы.

 

 Баспасөз-релизі.

«Такси жедел профилактикалық іс-шараның бірінші күнгі қорытындысы.

   Автокөлік жолдарында багаж, жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілер оның ішінде такси жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік органдармен бірлесіп 2017 жылдың 15 пен 18 ақпан аралығыңда Ақсу қаласында «Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

         Іс-шараның бірінші күні Ақсу қаласы ІІБ жеке құрамынаң 32 қызметкер қатыстырылды. Олардың ішінде, 5 автокөлік патрулі жұмыс істеді. 

         Такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерінің бұзылған 40 фактісі  анықталды. Көбінесе олар:  

  1)  техникалық тесеруден өтпеген,

  2)  қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, 

  3)  жылдамдықты арттыру,

  4)  телефон немесе радиостанциямен пайдалану,

  5)  маневр жасау қағидаларын бұзу,

 6)  жолдаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу,

 7)  көлік құралын құжатсыз басқару,

 8)  бағдаршамның тыйым салынған сигналымен жол жүру,

 9)  қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу,

 10)  авариялық жағдай туғызу  

Басқа баптар бойынша 7 такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

 

Ақсу қаласы ІІБ баспасөз-қызметі.

 

 

 

 

2017 ж 21.02.


2017-02-21 09:30:47

Сондай-ақ оқыңыз