Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Автокөлікті өрттен сақта».

«Автокөлікті өрттен сақта»

 

 Өрт туындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар:

- автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау.

- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға тыйым салынады.

- гараж үй-жаларын жылыуға, жарықандыруға және көлік қозғалтқышарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар.

-  гараж үй-жаларында жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықықтарды сақтамаңыздар.

- гараж үй-жаларында темекі шегуге тыйым салынады.

- өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізушіге тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, «101», «112» телефондары арқылы болған жағдай туралы хабарлау қажет. Содан кейін өртті алғашқы өрт сөндіру қуралдарымен өртті сөндіру бойынша шаралар қабылдау қажет.

  Автокөліктегі өртенудің негізгі себептері болып табылады:

Электр сымдарының қысқа тұйықталуы, автомобиль салонында шылым шегу кезінде абайсыз болу, от, майдың ағуы және қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, жөндеу электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.

Ақсу қаласының ТЖ бөлімнің

инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты                   Гутник В.В.

 

 

 

 

2017. 12.01. 


2017-01-12 11:36:55

Сондай-ақ оқыңыз