Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Адамдардың жаппай болу обьектері үшін өрт қауіпсіздігі шаралары жайлы ескерту.

Адамдардың жаппай болу обьектері үшін

өрт қауіпсіздігі шаралары жайлы ескерту.    

      Барлық обьектер өрт сөндірудің түзу алғашқы құралдарымен, өртке қарсы қызметті шақырту үшін құралдарымен және қазіргі қалыптарға сәйкес өртке қарсы автоматикамен қамтамасыз етілу керек. Барлық бөлмелерде телефон жанында мемлекеттік өртке қарсы қызметті шақырудың «101» телефон нөмері көрсетілген белгілер ілінуі керек.

  Құрылыстар мен ғимараттарда өрт жағдайында адамдарды эвакуациялау жоспарлары құрастырылып, көрінетін жерлерде ілінуі керек, адамдарды өрт жайлы хабарландыру жүйесі қарастырылуы керек. Адамдарды өрт жайлы хабарландырудың техникалық құралдары талап етілмейтін мекемелерде обьект басшы адамдарды өрт жайлы хабарландырудың талаптарын анықтау керек және жауапты адамдарды белгілеу керек. Хабарландырғыштар (дауыс зорайтқыштар)дауыс қаттылығын реттеуішсіз болу керек және торға алынатын құрылғыларсыз қосылу керек. Жүйелерді пайдалану тәртібі оларды эксплуатациялау нұсқауларында жүйелерді әрекетке келтіретін адамдарды көрсетумен анықталу керек. Ауруханаларда және мектепке дейінгі балалар мекемесінде, мектеп – интернаттардың ұйықтайтын корпустарында өрт жайлы тек қызмет етуші персонал ғана хабарланады. Адамдар тәулік бойы болатын мекемелердің басқарушылары күн сайын өрт сөндіру қызметінің бөліміне мекеменің әрбір ғимараттарындағы адамдар саны жайлы хабарлап отыруға міндетті.

    Адамдардың түнде болу обьектері үшін (бала - бақша, мектеп – интернаттар, ауруханалар, қонақүйлер мен т.б.) нұсқауда әрекеттің екі нұсқасы қарастырылуы керек: күндізгі және түнгі уақыт. Эвакуацияға енгізілген барлық персоналдың машықтану дайындықтары жарты жылда бір реттен кем емес өткізілуі керек. Эвакуация жоспары өрт пайда болу жағдайында адамдарды эвакуациялау орындарын анықтау керек. Электр энергиясын сөндірген жағдайда қызмет ететін персоналдарда электр фонарьлары болуы керек. Фонарьлардың саны обьект ерекшеліктерінен, кезекші персоналдың болуынан (егер апаттық жарықтандыру ескерілмесе) алынып басшымен анықталады.

   Өртке қарсы суқұбырының торлары түзу жағдайда болу керек  және өрт сөндіру қажеттіліктеріне қалыптар бойынша керек су шығынын қамтамасыз ету керек. Олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру жылына екі реттен кем емес жүргізілуі керек (көктемде және күзде). Өрт гидранттары түзу жағдайда болуы керек, ол қысқы уақытта жылытылып, қар мен мұздан тазартылады.

  Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде, жатаханаларда қазақ және орыс тілдерінде өрт қауіпсіздік ережелері бар ескертулер болу керек. Тұру үшін барлық келетіндер олармен жазылып, танысуы керек. Жатаханалар бөлмелерінде жылытатын құрылғылармен қолдануға рұқсат берілмейді (су қайнатқыштар, электр шәйнектері, үтіктер, электр плиталар және т.б.), ол туралы тыйым салатын жазулар мен белгілер хабарлау керек. Қонақ үйлер бөлмелерінде этаждарда тұратын қоймаларды, офистерді, конторларда және т.б. орналастыруға болмайды. Өрт жағдайында тұратындарды жақсы эвакуациялау үшін жатаханалар персоналы демалу ағзаларын қорғаудың жекеленген құралдарымен қамтамасыз етілуі керек.

    Әлеуметтік қамтамасыздандыру мекемелерінде (мектеп  - интернаттар мен мүгедектерге арналған үйлер, балалар үйлері) қызмет ететін персоналдың тәулік бойы қызметі ұйымдастырылуы керек. Қызметшіде эвакуациялы шығыстардың есіктеріндегі барлық құлыптардың кілттер комплектісі болу керек, басқа комплект қызметші бөлмесінде сақталуы керек.

     Адамдарды эвакуациялауға арналған барлық есіктерде «Шығу» жазуы мен жасыл шынылары бар дабылды фонарьлар болуы керек.

      Адамдардың жаппаай болу обьектерінде мыналар рұқсат етілмейді:

-   өтетін жолдарды, коридорларды, тамбурларды, галереяларды, лифты холдарды, сатылы алаңдарды, жиһаздармен, шкафтармен, әртүрлі материалдармен ыбырсытуға, сонымен қатар эвакуациялы шығыстардың есіктерін қағуға;

- шығыстардың тамбурларында адамдардың киімдерін кептіргіштерді, киімге ілгіштерді және гардеробтарды орналастыруға, кез-келген инвентарь мен материалдарды сақтауға (соның кезінде уақытша);

-  эвакуация жолдарында табалдырықтарды, турниктерді, көтерілетін және айналатын есіктер мен адамдарды бос эвакуациялауға кедергі болатын басқа құралдарды құруға;

- эвакуация жолдарында қабырғалар мен төбелерді қаптауға, бояуға жанатын материалдарды қолдануға, ал сатылы торларда аймақтар мен сатыларды;

-  коридорлардың жарықты қалталарында кабинеттер мен басқа бөлмелерді құруға;

- сатылы торлардың, коридорлардың, холдар мен тамбурлардың өзіндік жабылатын есіктерін ашық қалыпта фиксациялауға (егер осы мақсаттарда өрт кезінде жұмыс істейтін автоматикалық құрылғылар қолданылады), сонымен қатар оларды шешуге;

-  әйнектерді саңылаусыз торларды орнатуға (қоймалар, кассалар, мылтықты бөлмелерді шығарғанда);

- түтінделмейтін сатылы торларда ауасы аймақтардың терезе жапқыштарына шыны жасауға немесе жабуға;

- есіктер мен фрамугтарды шынылағанда армирленген шыныны кәдімгіге ауыстыруға;

-  жататын синтетикалық материалдардан жасалған кілемдер мен ұзын төсеніштерді қолдануға.

 

        Ақсу қ. ТЖБ инженері

         инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты                         Жапар Р.


2016-12-22 18:01:35

Сондай-ақ оқыңыз