Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі туралы.

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі туралы.

   Біз, республикамыздан тыс жерлерде даңқы шыққан, облысымыздың көптеген және көркем ормандарының жиі қонақтары болдық. Өкінішке орай, сол ормандарды күтпейміз, өртенуіне себебкер боламыз.

  Ормандағы өрт неге әкеледі?  Көптеген жағымсыз өрт салдары қатаң есеп-қисапқа бағынбайды. Мамандардың айтуы бойынша, олар: желге мүжілу, ауаның және судың ластануы. Өрт саладарынан пайда болған түтін атмосфераға елеулі әсер және ғаламдық процестердің дамуына әкеледі – ауада газдардың қызуынан пайда болған температураның ұлғаюы, ағзадағы көмірсітек алмасуының бұзылуы. Осы факторлар жергілікті тұрғындардың денсаулығына әсер етеді. Және де, жанып кеткен ағаштарды қалпына келтіруге 2-3 жыл емес, көп уақыт кетеді. Сол себебті, мәңгі екі сұрақ пайда болады: кім кінәлі, не істеу керек.

  Сан қилы деректер бойынша, адамдар 72- ден 99% -ға дейін ормандардағы өрттердің себебкерлері болып табылады.  Туристер, саңырауқұлақ терушілер, балық аулаушылар және де ағаш дайындаушылар орманда өздерінің қылмыстық салқындықтарын көрсетеді. Айтпақшы, бір кездері халықтың түсінушілігі мен мәдениеттілігінің арқасында, ормандағы өрт салдарын құрту тұжырымдамасы болған. Бүгінде теріс сурет байқалады. Осында көпшілігі тек тиым салынған және жазалайтын шаманы артық көреді. Өрттің көбеюіне себебкер болып, заңсыз ағаш шабуды іске асырады, және де ағаш кескен жерлерді жинамайды.

   Өрттің ғажап жұмбақтарын табу қиын, бірақта өрттің болдырмауын және жедел жою үшін көп нәрсе істелінеді. Жыл сайын орман оқулары өткізіледі, олар тез бағыт тауып, өрт ошағын жоюға көмектеседі. Мұнда бәрі рас өрт кезінде сияқты, осында өте қиын оқиғалар мен отпен күресудің ең ұтымды нұсқалары есепке алынады.

  Ақырғы өрт себебін ескере отырып ауыл шаруашылығының басшыларына өрт сөндіру ережелеріне сай орылған егістің орнын, шөп қалдықтарын орманда өртеуге қатаң тиым салу керек.  Қайтадан қайталайын, жүргізілетін профилактикалық іс-шараларға қарамастан, өрттің пайда болуы бізге – адамдарға, біздің ормандағы тәртібімізге байланысты.  Сондықтан жанған сіріңкені және темекінің тұқылың лақтырмандар, бос шынылар қорабы мен сынық әйнек қалдықтарын қалдырмандар, олар күннің сәулесінің арқасында өрт негізі бола алады.

  Орман өртін айқындау кезінде тез арада оны сөндіру шараларын қолданып, егерде өз күшімен өртті сөндіруге мүмкіндік болмаса, орман шаруашылығының жұмыскерлеріне, мемлекеттік өрт сөндіру қызметкерлеріне, полицияға, орындаушы ұйым басшыларына ескерту керек.

  Есте сақтаңыздар, ормандарды өсіру үшін жүз жылдай уақыт керек, ал адамдардың ұқыпсыздығы, салақтығы бірнеше сағаттың ішінде табиғатқа зиянын келтіріп, барлық тіршілікке қауіп-қатер тигізеді.

 

Ақсу қаласы ТЖБ бас маманы

 азаматтық қорғау капитаны                                     Онбаев Алибек


2016-12-22 17:54:21

Сондай-ақ оқыңыз