Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Балалар сіріңкемен – бұл өрт!

Балалар сіріңкемен – бұл өрт!

news__thumb

   Есебінің көрсеткіші бойынша, 25 өрттің ішінде 15-і балалардың өртпен ойнауынан немесе қыздыру құралдарының салдарынан болған.

     Сәби пәтерде жалғыз қалғанда, үлкендерді еліктеп сіріңкені алып, қағаз жағуға, электр қыздырғыштарын тоққа қосуға, тұрмыстық құралдарды немесе ешқашанда орманда, бақшада көрмеген алау отты құруы мүмкін. Үлкендерден үлгі алып, балалар темекі тартып көрулері де мүмкін.

    Бұл жағдайда әрине кінәлі, ата-аналар, балаларын пәтерде жалғыз, оңай жерлерге сіріңке тастап, балалардың тәрбиелеріне, сезімдеріне, сақтықтарына, өзін-өзі құтқаруларына көңіл бөлмейді. Оларға жанып жатқан пешті, ыстық алау отты қарауға сеніп қалдырады.

Өрттен ескерту, қауіпсіздік шаралар өте жай және өзекті мәселелер. Сіріңкені балаға көрінбейтін жерлерде сақтау керек, балаларға өздері жалғыз отпен, петардамен ойнауға рұқсат етпеңіздер, себебі бұл ойындардан өз балаларыңызға зақыкелуі мүмкін.

Балалардың тәрбиелеріне көп көңіл бөліңіздер, сол себепті сіз өз балаңызды осындай оқиғалардан, зақым немесе опат болулардан сақтайсыз.

Ақсу қаласы ТЖБ бас маманы

 азаматтық қорғау капитаны                                     Онбаев Алибек


2016-12-22 17:44:42

Сондай-ақ оқыңыз