Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Пәтердегі өрт.

Пәтердегі өрт

 

Егер сіздің пәтерінізде өрт пайда болса:

- Тез арада 101 номері бойынша өрт сөндіру қызметкерлеріне хабарлаңыз;

- Бар құралдармен өрт сөндіру шараларына кірісіңіз. Егер де өз күшіңізбен өртті жоя алмасаңыз, пәтерден есікті жаппай шығыңыз, қауіпті аймақты босатыңыз.

Сіздің пәтерңізден тыс өрт жағдайы пайда болса:

-Тез арада 101 номері бойынша өрт сөндіру қызметкерлеріне хабарлаңыз;

-Әйнектерді, есікті жапқан соң, пәтеріңізден шығыңыз;

-Дәліздер мен баспалдақ аралығы түтінденген болса, тұрғын жайыңыздан шықпай, терезелерді айғара ашыңыз.

Жабық және тығыз жабылған есік ұзақ уақытка сізді қауіпті температурадан қорғайды. Түтінмен улануды болдырмау үшін, саңылауларды, вентиляциялық тесіктерді суланған орамалдар мен төсек жабдықтарымен жабыңыз.

Апат болған жерге өрт сөндірушілердің келуімен, әйнекке жақындап, сізге көмек көрсету үшін белгі беріңіз.

Есте сақтаңыз!

Үнемі өрт қауіпсіздігін сақтаса, сіз өзіңізді және басқаларды ауыр өрт салдарынан құтқарасыз.

 

Ақсу қаласының ТЖ бөлімнің

инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты                   Гутник В.В.


2016-12-22 17:33:52

Сондай-ақ оқыңыз