Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Суға түсуге әлі ерте!

 

IMG-20200515-WA0015Жаз жақындап келеді, мамыр айының жылы күндері ыстық ауа-райын еске салады су айдынында демалып, өзенде немесе көлде шомылғыңыз келеді. Су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері Ақсу қаласы полиция бөлімінің қызметкерлерімен және Ақсу қаласының білім бөлімімен бірлесіп, тұрғындарға судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Қаладағы ыстық ауа райында көптеген азаматтар су айдындарына аттанды. Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің инспекторлары су температурасы тым төмен екенін ескертеді. Демалушыларға шомылудан бас тарту керек. Балықшыларға суға шыққан кезде құтқару желеттерін пайдалануға кеңес береді. Судағы жазатайым оқиғалар қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзудан, халықтың бейқамсыздығынан және балалардың қараусыз қалуынан орын алады. Қазір қаламыздағы су қоймаларындағы адамдардың демалатын  орындары ұйымдастырылмаған.

Қазіргі уақытта табиғатты қорғау үшін Ертіс су қоймаларынан су жіберілуі жүріп жатыр, Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілгендіктен, су айдындарында шомылу өте қауіпті. Сондай-ақ су айдынының түбі тексерілмеген, Ертіс жағалауындағы жағажайлар жабдықталмаған. Түбінде сіздің денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін шөгірлер, металл заттар, шыны ыдыс болуы мүмкін. Ақсу қаласының жағажайлары тексерілмегендіктен, демалушыларды қабылдауға дайын емес. Өзен мен көлдердегі ересектер мен балалардың қауіпсіздігі әлі қамтамасыз етілмеген. Су температурасы тым төмен және суда қалған адамда шок, құрысу, асфиксия немесе жүрек тоқтауы болуы мүмкін,

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі сізді су айдындарында шомылудан бас тартуды сұрайды.


2020-05-22 10:16:01

Сондай-ақ оқыңыз