Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жұлдыз Оразбаевнамен онлайн тренинг

 

 

Психология өмірімізде үлкен орын алады. Қандай жағдай болмасын, басымыздан небір қиындықтар өтпесін, психолог маманының көмегіне жүгіне аламыз.

15.05.2020 жылы Ақсу қаласының гарнизон қызметкерлері психолог Жұлдыз Оразбаевнамен онлайн тренинг өткізді. Тренингте қаралған мәселе «Отбасындағы кикілжіңді болдырмау және зорлық-зомбылыққа жеткізбеу».

Онлайн сабақ кезінде жұмыстағы мәселелер мен отбасындағы мәселелердің барлығы адамның психологиясына әсер ететіні туралы лекция оқылды. Сонымен қатар өзіне және өз-өмірін жақсы түсінуге, жағымсыз эмоциялар мен жүйке бұзылуынан арылуға, ішкі тепе-теңдікті алуға мүмкіндік беретін қарапайым әдісі дұрыс демалу екенін көрсетті. Тренинг барысында көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестер айтылып, өте керемет сұқбат өтті.

 Тренинг  соңында «Отбасы -сенің туғандарын, ең жақын жандарың. Отбасында қанша адам бары маңызды емес, маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынас. Бақытты отбасында, ең алдымен түсіністік пен сыйластық болуы керек. Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін»- деді Жұлдыз Оразбаевна.

 

 


2020-05-22 10:14:06

Сондай-ақ оқыңыз