Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ДЕМАЛУ ЗОНАСЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ІС-ШАРАЛАР

                Қызмет етушілер өз міндеттерін орындауға, тек қана өрт қауіпсіздік нұсқауларымен танысып барып, арнайы журналға қолдарын қойғаннан кейін ғана қызметке кірісуге рұқсат. Балалардың денсаулықты сақтау лагері мен демалу зонасындағы басшылар міндетті түрде тәрбиешілердің, вожатыйлардың және қызмет етушілердің арасынан ерікті өрт сөндіру жасағын (ӨСЖ) ұйымдастыру керек. ЕӨЖ өрттің алғашқы шараларын қадағалап, өрт сөндіргіш құралдарын дайындап қоюға ЕӨЖ басшысы жасақ құрамына кесте бойынша күнделікті қызметкердің кезекшілігін тағайындайды, бұл тағайындалған адам түн ұйқысын қиюға міндетті.  Кезекшілер электр жарығымен қамтамасыз етіледі. Басшының бекітуімен кесте бойынша ЕӨЖ мүшелеріне арнап арнайы оқу сабақтары өткізіледі. Бұл сабақ айында 4 сағаттан кем болмауы керек. Балалардың денсаулықты сақтау лагерлерімен демалу зонасының аумағында телефон байланысы болуы шарт, себебі өрт болған жағдайда – ол өте қажет. Сонымен бірге алғашқы өрт сөндіру құралдары да болуы керек.

 

Жер көлеміне ұсыныс.

                Балалардың денсаулықты сақтау лагері және демалу зонасының жер көлемі тазалықты сақтау керек, Жемшөптерді тазалағанда қашықтық кем дегенде 100 м. болуы ықтимал. Барлық демалыс мекемелердің жанындағы жаңған қоқыстарды міндетті түрде жиі шығарып отыру керек. Жер көлемінде кем дегенде 2 рет шығарылуы міндетті. Жолдар кем дегенде 4 м. қатты қалындықта, кешкі және түнгі уақытта жарық өшірілмей, үнемі жанып тұруы керек. Жанып кеткен материалдарды ғимараттардың арасы мен автокөлік жанында тұратын жерлерге орналастыруға болмайды. Демалу жер көлемінде міндетті түрде өрт инвентарын (екі шелек, екі өрт сөндіргіш, екі күрек, екі балта) құрастыру, сонымен қатар бұл жерде бір жәшік құм 0.5 куб. м. және 200 литр суымен толған бөшке қамтамасыз етілу керек.

 

Ұйықтайтын корпус мекеменің талабы мен әртүрлі белгілеулердің орнатылуы.

                Ғимараттарда және балалардың денсаулықты сақтау лагерінің мекемелерінде әртүрлі заттарды орналастыру үшін, мемлекеттік өрт бақылаулардың рұқсатымен орналастыру керек. Ағаштан жасалған демалыс үйлер бір қабатты болуы ыңғайлы. Ғимараттар негіз қаңқа  немесе қалқаннан істелген, сыланған және жанбайтын шатыр мен жылытқыш арқылы орнатылуы жөн. Бардық объектілер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

                Демалу үйлердің басшылары міндетті түрде өрт кезінде эвакуациялауға толық жоспар құрастырады. Себебі өрт кезінде балаларға хабарлауды және эвакуациялауды уақытында орындау үшін. Эвакуация мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Коридорларды, саты клеткаларды, ғимараттан шығу есіктерін жиһаздармен, құралдармен және т.б. заттармен үйіп тастауға болмайды.

 

Электр торлары мен электр құралдарына

 арналған өртке қарсы талаптар

                Алауды демалу лагерінен 100 м. алыста ұйымдастырған ыңғайлы. Алауды кеуіп тұрған теректердің қасында жағуға болмайды.

                Өрт болған кезде қызмет етушілердің іс-әрекеті

                Қызмет етушілер міндетті түрде, тез арада жақын өрт сөндіру бөліміне , одан кейін өз ерікті өрт жасағына хабарлау керек. Олар балаларды қорғап, қауіпті жерге апарып, оларды түгендейді. Өрт сөндірушілер келген уақытқа дейін, қолда бар аспап-құралдардың көмегімен өртті сөндіруге талпынған жөн. Егерде осы талаптарды біз және сіздер орындасаңыздар, онда сіз өзіңізді және басқаларды өрттің ауыр салдарынан аман сақтап қаласыз.


2020-05-18 09:37:13

Сондай-ақ оқыңыз