Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Профилактикалық жұмыстар күшейтілуде

 

 IMG-20200511-WA0049Ақсу қаласының ТЖБ мен Ақсу қаласының жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп саяжайларды аралауды бастап кетті. Аралаудың негізгі мақсаты саяжайлардағы өрттердің алдын алу. Соңғы мәліметтерге қарасақ саяжайлар ашылғаннан бері облысымызда өрт шығу жағдайлары көбейіп тұр. Осы өрттердің көбі адамдардың немқұрайлылығынан болады. Көктемнің жылы күндерінің басталуымен саяжай маусымы да басталады, онда учаскелердің иелері өз аумақтарын тазартуды және басқа да жөндеу жұмыстарын бастайды. Саяжай иелерінің ұқыпсыздығының мысалы - жол бойындағы қоқыстардың жиналуы. Адамдар кесілген ағаштар мен бұталарды, құрылыс қалдықтарын, ескі заттарды шығарып үйіп қояды. Ауа температурасы жоғары болған кезде бір лақтырылған темекінің қалдығы оңай тұтанып кетуі үшін жеткілікті. Бұл жағдайда өрт сөзсіз жақын орналасқан жазғы үйлерге таралуы мүмкін.

Саяжайлардағы өрттің алдын алу үшін Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін түсіндіруде. Соған қарамастан өрттің шығуы азаймай отыр. 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде саяжайларда 2 өрт жағдайы тіркелді, сонымен қатар Ақсу қаласындағы саяжай учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!Өз учаскеңізде өрттің алдын алу үшін сіздерге үйді және аумақты жақсы күйде ұстауыңыз керек. Қауіпсіздік ережелерін уақтылы сақтау өрттің алдын алуға көмектеседі, осылайша сіздің, жақындарыңыздың, достарыңыздың және көршілеріңіздің өмірі мен денсаулығын сақтайды. Жазғы маусымның басталуымен демалушылар от жағып, кәуап пісіреді, монша жағады. Өкінішке орай, кейде бұл қайғылы салдарға әкеледі.

Өртті болдырмау үшін қажет:

  • Газ құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтаңыз;
  • Өртті сөндіру үшін учаскіде су қоры болу;
  • Құрғақ шөпті, құрылыс қоқыстарын жинап контейнерлерде (күбілерде) жағу;

Бақ шаруашылық қоғамының айналасын, саяжай учаскелері мен құрылыс араларын, шөп шабу және жырту жолымен өртке қарсы алшақтықты түзету;


2020-05-18 09:25:38

Сондай-ақ оқыңыз