Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Балалар ойнайтын секірткіш құрылғы

 

Күн жылынып, балалар жазғы демалысқа шыққалы ойын алаңшықтарының көрігі қыза түскен. «Бар жақсылық балаларға», «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дегендей, балаға істеген жақсылықтың сауабы мол. Дені сау, танымдық өресі кең, көңілі шат бүлдіршіннің психологиялық, физиологиялық дамуы да дұрыс болмақ.

Бұл ретте, балалардың сүйікті ойын алаңына айналған — үрмелі батут құрылғыларына тоқталуды жөн көрдік. Бір қарағанда «батут» тақырыбы елеусіздеу болып көрінгенімен, мұнда да мəн берер дүние аз емес. Əсіресе, балалар ойнайтын секірткіш ойын құрылғысы саналатын — жылжымалы батуттар төтенше оқиғаларды көп тудырады. Аталмыш ойын құрылғысын кез келген уақытта далаға апарып орната беруге болатындықтан, техникалық қауіпсіздік ережелері мен санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы зор. Өткен жазда ұйытқи соққан желдің салдарынан Астана қаласындағы сауда үйлердің бірінің жанындағы балалар батуты аударылып, бес бала ауыр жарақат алғаны белгілі. Батуттан зардап шеккендер жалғыз олар емес. Мұндай оқыс оқиғалар еліміздің əр аймағында тіркелуде.

Ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін батутты дұрыс таңдай білуі керек. Құрылғы дұрыс тұр ма, қаншалықты сенімді екеніне, серіппелері мен торларының беріктігіне де жіті мəн бергені абзал.

Бұндай батуттар өрт қауіпсіздігі талаптарына да сай келмей жатады, оларда өрт сөндіру құралдары барына да көз жеткізген жөн. Сонымен қатар дәрі- дәрмектер мен таңғыш заттардың болуы да қажет.

Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың ғана емес, жауапты мамандардың да алдында тұрған аса маңызды міндет екенін естен шығармайық!

Балалар секіріп ойнайтын батуттарға қойылатын қауіпсіздікті сақтау ережелері төмендегідей:

• Желдің, дауылдың болатыны жөніндегі дабылды ескерту түскен жағдайда ойын батуттарын құрмау;
• Батуттардың төлқұжатындағы нұсқауға сәйкес батутты орнату және қосымша тіреулерді қолдану;

• Мүмкіндігінше батуттарды ашық жерге орнатпау, орналасқан жері тегіс, құрғақ болуы қажет;

• Батуттарда қызмет көрсететін қызметкерлер саны 2 адамнан кем болмауы қажет;

• Ашық отты пайдаланатын орындардан және автожолдардан арақашықтықты (10 м. кем емес) сақтау;

• Батутқа қатысты төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жауапкершілік меншік иелеріне жүктеледі; • Батутқа жүргізілген электр жүйелерінің ақаулығын тексеру;

• Жергілікті атқарушы органдардың келісімімен белгіленген орынға орнату;

• Қызмет көрсетушінің техникалық қауіпсіздігі бойынша оқудан (оның ішінде медициналық қызмет көрсету саласымен бірге) тиісті мекемелерден дәріс алғандығы жөнінде куәлігі болуы қажет;

• Батуттың жанында алғашқы медициналық қобдишасы мен алғашқы өрт сөндіру құралдары (батуттың шаршы метріне қарай өрт сөндіргіш ОП-5)


2020-05-18 09:22:42

Сондай-ақ оқыңыз