Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жұмысы басталды

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жұмысы басталды

 

IMG-20200505-WA0028 2020 жылдағы су тасқыны кезеңідегі төтенше жағдайлардың алдын-алу,  тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық шығындар мен зақымданулардың мөлшерін азайту мақсатында Павлодар облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Утегенов Е.С. және Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Куконев Д.С-пен бірге Ақсу өңірінің су тасқыны қаупі бар жерлерді аралап шықты.

Аралап шығу барысында Ақсу қаласы және Ақсу ауылының барлық су өткізбейтін (бөгет) және су ағызушы нысандарына көрнекі түрде тексеру жүргізілді және облыстық белгідегі жолдың шайылып кетуінің алдын алу үшін Ленинский – Курчатов тас жолында орналасқан Ақсу ауылындағы теміржол көпіріне жақын жерде топырақты төбелердің жағдайын қарады. Сонымен қатар Ертіс суының көтерілу себебінен бақшаларын су басқан тұрғын үйлердің Набережная 8,15,16,17 көшелеріне де барды.

Көктемгі су тасқынына дайындақ жұмыстары қатаң бақылауға алынып, су тасқыны кезеңіне тиісті тапсырмалар берілді.

 

Ақсу қ. ТЖБ

 

 


2020-05-11 16:23:55

Сондай-ақ оқыңыз