Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Біз біргеміз

IMG-20200430-WA0041 «Біз біргеміз» акциясы қазіргі таңда өте мағыналы іс. Мемлекет басшысы халыққа арналған сөзінде Қазақстандықтарды «тыныштықты сақтауға, бір біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға» шақырды.

Қазақстанда өзара көмек көрсету дәстүрі әрдайым мықты болды, алдағы уақыттада жалғасын таппақ ойдамыз. Өз елінің патриоты бола отырып  Елбасымыздың бастауын Ақсу қаласының гарнизон қызметкерлері де қолдады.

«Біз біргеміз» акциясы аясында Ақсу гарнизонының қызметкерлері  жалғыз басты қарт адамдарға, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, бірінші қажеттілікті азық түлік жиынтығын таратты.

Осылайша, біз өзіміздің  ұйымшыл командамызбен қазіргі таңдағы күрделі жағдайда отырған отбасыларына көмектесуді шештік. Қазір күрделі кезең уақыты, біз бір-бірімізді барынша қолдауға тиіспіз. Тек бірге ғана осындай қиын кезеңнен өте аламыз. Біз бірге барлық қиындықты жеңеміз!

Ақсу қ.ТЖБ


2020-05-06 10:41:56

Сондай-ақ оқыңыз