Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен

l_4616-otkritki-Otkritka-kartinka-1-mamir-1-maya-Қazaқstan-halқiniң-bіrlіgі-kүnі-Den-edinstva-narodov-Kazahstana-flag-tsveti Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақпен тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіс пеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған Қазақстандық татулық пен келісімді пашетеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этно саралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Баршаларыңызға, әр отбасына, әр Қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-берекетілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркенжайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз – Қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

Ақсу қ. ТЖБ


2020-05-06 10:39:52

Сондай-ақ оқыңыз