Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жол жүру қағидалары бойынша онлайн-оқыту өткізілді

IMG-20200429-WA0012 Қазақстан Республикасының  аумағындағы төтенше жағдайды ескере отырып,  Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі жол жүру қағидалары бойынша Ақсу қаласының полиция бөлімінің потрулдік полициясы взвод командирі аға лейтенант Самакин В.В мен  онлайн –оқыту өткізді. Онлайн-оқыту жеке құрам мен Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Бұл онлайн-оқыту мақсаты жол жүру ережелерін біліп қана қоймай ондағы қайғылы оқиғалардың алдын алу, сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтуға енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы болды.

Полиция қызметкерінің айтуынша қазіргі таңда жол жүру ережелерін бұзып қана қоймай қарапайым ережелерді де бұзатын азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде көп жағдайда қауіпсіздік белдігін тақпау, телефон  мен сөйлесу, ішімдік қолданып көлік жүргізу т.б жағдайлар кездеседі аталып айтылды.

Сөз соңында Ақсу горнизонының қызметкерлері сұрақтарына толықтай жауап алған соң Самакин  мырзаға алғыстарын білдірді.

 

Ақсу қ. ТЖБ-нің ағаинженері

Азаматтық қорғау лейтенанты                            Кошенширеков М.Е.


2020-05-06 10:38:05

Сондай-ақ оқыңыз