Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Орман алқаптарын өрттен қорғау

thumb Жаз маусымы басталысымен өрт қаупі күшейеді. Қала тұрғындары орман, орман алқаптарына демалуға көптеп шығады. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажет. Алайда, көбіне-көп түрлі табиғи апаттардан, кездейсоқ жағдайлардан сақтануды естен шығарып аламыз.

Орманды оңай құртып жіберетін негізгі жаулардың бірі – өрт. Оның орын алуына көп жағдайда адам факторы себепші болып жатады. Өрттің өршуіне дер кезінде жол бермесек, тіпті оның алдын алып, өрт қауіпсіздік ережелерін қадағаласақ, өзімізді қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесіміз зор болады.

Орман өрттерін өшірудің негізгі әдістірін қарастырайық.

- Өрттің ошағы өшіру кезінде желдің ағымы өрт сөндірушінің арқасына соғып тұруы тиіс. Сонымен бірге, өрт ошағына дейінгі қашықтығы өртсөндіргіш шапшып ағу ағысының ұзындығынаң кем болмауы тиіс.

- Егерде өрттің ошағы ашық аланда орналасса, онда оның өшіруің алғы жақтан бастау қажет.

- Ал тік тұрған нысандарды- астынан үстіге қарай өшіреді.

Орманда «төменгі» өртті лезде өшіріп алу қажет, себебі от ағаштың басына қарай өтіп кетсе, оны өшіру әлде қайда қиындыққа соқтырады. Алайда, орман немесе дала өртің өшіру барысында жалпы техникалық қауіпсіздігін қатан қадағалау қажет.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Өрт қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтай отыра Сіз табиғатты өрттен сақтайсыз!

 

Ақсу қ. ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты                                      Кажкаримов Д.А.


2020-05-06 10:35:47

Сондай-ақ оқыңыз