Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Балалардың терезеден құлаудан қорғаңыз

inx960x640 Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі-терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенің түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты. Ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауды сұраймыз.

Қазіргі уақытта карантинге байланысты балалардың барлығы үйде отыр. Кейбір балалар ата-ананың қарауынсыз үйде жалғыз қалуда. Сондықтан сақтық шараларын алдын-алу мақсатында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.

- Бала құлап кетпесін десеңіз маса кіргізбейтін тор құрмауға кеңес береді. Себебі бала торға сүйеніп, онымен қоса сыртқа қарай құлауы мүмкін. Масаға қарсы торлар ешқашан балаларды қорғай алмайды. Олар өте әлсіз;

-Терезеге шықпауы үшін терезе маңындағы жиһаздардың барлық түрін алып тастау қажет. Дәл осы ереже балконда да сақталуы тиіс;

-Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз. Өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз;

-Терезе торларын салып, терезелерді қоршаңыз. Торлар балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды. Егер сіз терезенің барлық өлшеміне тор орнатсаңыз, оны өрт болған жағдайда тез ашу тәсілі болуы тиіс.

Ақсу қ. ТЖБ

 

 


2020-05-06 10:33:51

Сондай-ақ оқыңыз