Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жұмысы басталды

IMG-20200416-WA0007 2020 жылдағы су тасқыны кезеңідегі төтенше жағдайлардың алдын-алу,  тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық шығындар мен зақымданулардың мөлшерін азайту мақсатында ақсу қаласы әкімі Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімі бастығымен бірге аралап шығу жиналысын өткізді.

Жиналыс барысында Ақсу қаласы және Ақсу кентінің барлық су өткізбейтін (бөгет) және су ағызушы нысандарына көрнекі түрде тексеру жүргізілді және су тасқыны кезеңіне дайындалуға тапсырмалар берілді.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында облыстық белгідегі жолдың шайылып кетуінің алдын алу үшін Ленинский – Курчатов тас жолында орналасқан Ақсу ауылындағы теміржол көпіріне жақын жерде топырақты төбелерді бекіту бойынша жұмыстар басталды. КГП Досугсервис, АО «ЕЭК»,», КГП Теплосервис

Аталған іс-шараға Ақсу қаласының ұйымдары («КММ Досугсервис», «ЕЭК» АҚ, «АЗФ ТНК Казхром», «Теплосервис») және 5 бірлік техника мен 8 адам жұмылдырылды. Қазіргі кезде ұзындығы 70 метр, биіктігі 1,5 метр және ені 4 метр жер үйіндісі тұрғызылып, 900 текше метрге жуық топырақ әкелінді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Көктемгі су тасқынына дайындақ жұмыстары қатаң бақылауға алынды.

 

Ақсу қ. ТЖБ бас маманы

Судейкин И.А.

 

 


2020-05-06 10:27:59

Сондай-ақ оқыңыз