Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу елді мекендерінде өртке қарсы жолақтарды жырту жұмысы басталды

IMG-20200415-WA0035 Көктемнің жылы шуақты күндерімен бірге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өрттің қауіптілік кезеңі басталады. Жыл сайын жеке секторларда үлкен көлемде құрғақ шөптің өртену саны күрт өсуде.

Ақсу елді мекендерінде өрттің алдын-алу үшін минералдандырылған өртке қарсы жолақтарды жырту жұмысы басталды. Қазіргі уақытта Қызылжар және Достық ауылдық округтерінде 50 км. шамасында  жер жолақтары салынды, ені  4 м.

 Бұл жолақтардың басты мақсаты ауыл шаруашылық алқаптарының айналасында орналасқан елді мекендердің, бау-бақша учаскелерінің, әр-түрлі кәсіпорындардың масивтарын жанып кетуінен және өрттің жер бетіне таралуына бөгет  жасау.

Сондай—ақ ауыл шаруашылығы және де бақыланбайтын орман-дала алқаптарында  албаты  құрғақ шөпті жағу, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Қолданыстағы заңнамалардың негізінде, өрттердің шығуына немесе өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке қалай тартылса, қылмыстық жауапкершілікке де солай тартылады.   

Ақсу қ. ТЖБ

 


2020-05-06 10:24:45

Сондай-ақ оқыңыз