Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Саяжайды қалай аман сақтау керек!

          IMG-20200428-WA0060 Көктем келіп, күн жылынғанда тұрғын үйлердің территориясын, саяжай учаскілерін жинау басталады.

          Саяжай мерзімі басталмас бұрын Ақсу қаласында от себептерінен  саяжай үйіне, ағаш құрылыстарға, қақпаларға зақым келеді. Ереже бойынша, саяжай учаскілерінде өрттерді, алауды өшірмей кетуінен болады.

          Саяжай мерзімі басталмас бұрын қала тұрғындары ең алдымен өз саяжай учаскілерін жөнге келтіреді. Олар қоқым-қоқысты жинап алып, оларды жағады, ұмытпаңыз кішкентай алаудан үлкен өрт болуы мүмкін. Кішкентай жел болса болды, оттың ұшқынының ұшуынан теректерге, жалғасқан үйлерге тиіп өрт болуы ықтимал.

28.04.2020 күні барлық саяжайлардың ашылу науқанына байланысты оқыс оқиғаларды болдырмау, алдын-алу үшін Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі кең ауқымда «Яблонка», «ЖК Идрисова», «Энергетик» сияқты т.б. үлкен, кіші саяжайларыға рейдтік шара өткізді және де саяжайларға қатынайтын қоғамдық көліктер мен аялдамаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар саяжай басқармасы саяжай иелерімен жұмыс істейтіндіктен ТЖ қызметкерлері алдын- ала жадынамаларды  апарып саяжай басқармасына таратуға ұсынды.

Рейттік айналу кезінде қоқысты өртеген екі азамат Қазақстан Республикасының 410 бабы өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша жауапкершілікке тартылды.   

          Еске түсіреміз, әртүрлі қоқым-қоқысты, тұрғын үйлердің территориясында тұрған ғимараттардың, сонымен бірге бақша мен саяжай учаскілерін тазалау кезінде, мына жағдайлар рұқсат етілмейді:

q  қоқым-қоқысты үйдің жанында, сонымен қатар қараусыз қалған саяжайларда жағуға;

Өрт қауіпсіздік ережесіне сәйкес қоқым-қоқысты жаққан кезде мына міндеттерді орындаған жөн:

q  қоқым-қоқысты жаққан жерді қараусыз тастамауға; 

q  6 м/с-тен аса жел көтерілсе, от тұтатпауға;

q  алауды кішкентай балаларға сеніп тастамауға;

q  қоқым-қоқысты жаққан жер өрт сөндіру құралдарымен (су, күрек, құм) жабдықталуы керек;

q  кеуіп тұрған заттарға ұшқын тимеу үшін әртүрлі шараларды қолдану керек;

q  балаларды отпен ойнатпау керек;

q  қоқым-қоқысты жаққаннан соң, бірнеше сағат өткеннен кейін, сол жерге барып тексеру керек;

Құрметті саяжайлықтар,  саяжайға барған уақытта, отпен абай болыңыздар. Сіріңкені, темекіні өшірмей тастамаңыздар. Қоқым-қоқысты жаққан кезде барлық өрт қауіпсіздік шараларын есте сақтау керек.

Немқұрайлық көрсетпеңіздер! Отпен абай болыңыздар!

 

Ақсу қ. ТЖБ аға инженері

 азаматтық қорғау аға лейтенанты                                  Төрехан Жанибек.


2020-05-06 10:12:48

Сондай-ақ оқыңыз