Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Кене-өте қауіпті

 

Көп жағдайда қала сыртына шыққан адамдар кенелерге және олар тарататын ауруларға жиі тап болып жатады. Бұл жерде елімізде кең тараған аурулар ретінде кенелік энцефалит және Қырым-Конго геморрагиялық безгегін (ҚКГБ) атап көрсетуге болады және осыған орай өзімізді және туысқандарымызды бұл жағдайдан қалай сақтандыру керек деген сұрақ туындайды.

Кенелер 30% жағдайда 14 жасқа дейнгі балаларды шағады. Қазақстанда жыл сайын кене шағу жағдайы бойынша 8 мыңнан 11 мың адамға дейін келіп қаралады, ал эндемиялық аудандарда – 6 мыңнан 8 мың адамға дейін қаралады.

Кене энцефалитімен ауырған адамдардың жартысына жуығы кенелердің өз қанын сорып жатқанын байқамайды, себебі кенелер сілекейлерінің құрамында ауру сезімін басатын және қан тамырын кеңейтетін заттар бар. Адам киіміне жабысқан кене оның терісіндегі жұқа жерлерді іздейді. Олар: мойын, қолтық және шап аймағы.

Конго – қырым геморрагиялық безгегі(орта Азиялық безгек) – қоздырғышы кенелермен берілетін табиғи – ошақты вирусты ауру.

Қоздырғыштың табиғи қоры - кеміргіштер, ірі қара немесе ұсақ мал, үй құстары мен жабайы құстар және де кенелердің өздері. Олар қоздырғышты жұмыртқалары арқылы өз ұрпақтарына бере алады. Қоздырғыштың көзі - ауру адам немесе қоздырғыш жұқтырған жануар.

Кенелік энцефалит – тасымалдаушылардың мезгілдік белсенділігіне байланысты көктем мен жаз айларында кездеседі.

Белгілері: жедел дене дірілі және қызудың 37-39 градусқа дейін көтерілуімен қатар бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, бұлшық ет пен буындардағы ауру, жарықтан қорқу (өйткені жарық қатты бас ауруына жалпы жағдайының төмендеуіне алып келеді) сезімімен байқалады.Бұл кезде безгектік көріністер 4-5 тәулік ұсталып, кейін уақытша жоғалады. Екі аптадан соң қайта өрбиді. Олар мойын бұлшық еттерінің қатаюмен, құлақ естімеуімен, есінен танулармен байқалады. Жиі иық аумағы мен көз ішілік қанталаулар байқалады. Ауруларда енжарлық, ұйқышылдық, қажулар және тәбеттің төмендеуі байқалады. Кейбір адамдарда ауру жедел қозу немесе тырысу, есінен тану белгілерімен көрінеді.

Кене энцефалиті адамнан адамға жұқпайды, кене энцефалитімен ауырған адам қоршаған ортаға қауіпті емес. Кенелер адамдар мен жануарларға қан сору мақсатында ғана шабуылдайды, сондықтан оларды дер кезінде табу және теріден дұрыс тұмсығымен қоса алып тастау адам денсаулығы мен өмірі үшін маңызды болып табылады.

Адамдар кене шағуын болдырмау үшін өзін- өзі қалай ұстау керек:

- киген киімі ашық түсті, ұзын жеңді, жағасы мен етегі денеге тиіп тұруы қажет. Шалбары міндетті түрде етік ішіне салынған, басына міндетті түрде бас киім немесе орамал тағып, ұзын шаштарын бас киім ішіне жасырғаны жөн;

- кенелер мен шіркейлерге қарсы аэрозольдар мен жақпа майлар пайдалану;

- кенелер ашық ағаштар мен қалың шөптер арасында жасырынатындықтан, өзіңізді ол жерлерден аулақ ұстауға тырысыңыз;

- ормандық жерлерде, жол торабындағы ағаштар мен шөптерді жұлмаңыз, себебі кенелерді өз үстіңізге сілкіп аласыз;

- серуеннен қайтып келген соң, денеңізді мұқият қарап шығыңыз (шаш арасын, қолтық және шап аймағын), шашыңызды тарақпен тараңыз;

- денені қарау кезінде киімдеріңізді қарап шығуды ұмытпаңыз. Кене адам терісіне отырған соң жарты сағаттай шағатын орын іздейді, сондықтан мұқият болсаңыз кене шағудың алдын алуға болады;

- шөп жинау кезінде кенелердің шөп арасында қыстайтынын есте сақтаңыз;

- ешкі және сиыр сүтін міндетті түрде қайнату керек, себебі сүт қоздырғышпен залалдануы мүмкін.

Сонымен қатар жасауға болмайтын 3 қағида жадыңызда болсын, олар:

1.Ешқашан терідегі кенені сықпаңыз, өйткені кене ішінде вирустар мен патогенді организмдер бар. Тіпті қолдың ашық жаралары немесе сәл тыртықтар арқылы жұқтыруға болады.

2.Кенені жұлмаңыз, өйткені жұлу кезінде кене басы теріде қалып кетеді де, улы сөлі адам ағзасына тарала береді.

3.Кенені тіспен жұлуға болмайды, қоздырғышты жұқтыру қаупі жоғары.

 

Ақсу қ.ТЖБ


2020-04-23 10:01:58

Сондай-ақ оқыңыз