Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Өрттер

92756157_867581426998763_3430499216908277401_n Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райының жылынуына байланысты ашық аумақтарда құрғақ шөптің, қамыстың, қоқыстың жануы жиілеп кетті.

Қайғыға жол бермеу үшін құрғақ шөпті жақпаңыз. Жанып жатқан отты қараусыз қалдырмаңыз. Темекі мен сіріңкені тастамас бұрын мұқият сөндіріңіз. Егер өртті байқасаңыз- жай өтіп кетпеңіз. Жанып жатқан шөпті өшіруге тырысыңыз, сіз өзіңіз жанған шөпті өшіре аласыз. Қолда бар құралдармен сөндіру кезінде шыбықтар немесе жапырақты ағаштардың бұтақтарын байлап жалын жиегін соғыңыз немесе өрт жиегін құммен өшіруге болады. Егер сіз өртті өз бетінше сөндіре алмайтыныңызды түсінсеңіз, болған оқиға туралы 101 телефонына дереу хабарлаңыз және өрт орнынан тезірек кетуге тырысыңыз.

Өткен тәулікте өрт шығу себептерінен 10 рет өрт сөндіру үшін шығуға тура келді. Қоңыраудың жартысынан астамы-құрғақ шөп пен қоқыстың жануы.

Ең ірі өрт Қызылжар ауылында құрғақ шөптің жануы. Өрт 18-35 га жерде 3 ошақты қамтыды.

Күн сайын Ақсу қ.ТЖБ қызметкерлері 10-ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп "Энергетик"бағбандығында рейдтік іс-шаралар өткізеді. Барлығы 56 саяжай учаскесі қамтылды, халықтың ӨҚ шараларына 137 адам оқытылды. Сондай-ақ, рейд барысында 3 қоқыс жағу фактісі анықталып, 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, рейд барысында өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі анықталды, "Идрисова ЖК"бағбандық аумағында қоқысты өртеу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.


2020-04-16 10:49:53

Сондай-ақ оқыңыз