Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Өрт қауіпті кезең

 

pojary Көктем жаңару мен гүлдену мезгілі. Күн сайын ауылдарымыз таза және көркейіп келе жатыр. Әкімшілік қолдауымен абаттандыру және көгалдандыру аясында сенбіліктер өткізіледі. Жер иеленушілердің басым көпшілігі өз жерлерін ретке келтіріп жатыр.

Сонымен қатар өрттің жағдайы күрделене түсуде. Статистика бойынша көктемгі-жазғы өрт қаупі бар кезеңде өрттің 90% -дан астамы - құрғақ шөптерді өртеу, құрылыстардың жанында қоқыс өртеу, сөнбеген темекі тұқылдарын тастау, балалардың отпен ойнауы әсерінен болады. Өйткені, ыстық құрғақ ауа-райында, өрттің тұтануына ұшқын да жеткілікті, соның салдарынан қайғылы жағдайлар болуы мүмкін.

        Мекемелер мен елді мекендер аумағында туындаған өрттің таралуын болдырмау үшін өртке қарсы күрес шеңберінде ғимараттар, құрылыстар мен ашық қоймалар, сонымен қатар тұрғын үй жерлеріне жақын орналасқан  саяжай және басқа да құрылыстар арасындағы арақашықтық  жанғыш қалдықтардан, қоқыстар, қаптамалар, түскен жапырақтар мен құрғақ шөптерден және т.б. уақытылы тазалануы керек.  Дегенмен, өрт қауіпсіздігі Ережелеріне сәйкес объектілер мен ғимараттардан 50 метрден кем қашықтықта құрғақ шөп, қоқыс, қалдықтар мен қаптамаларды жағуға жол берілмейді. Бұл мақсаттарда техникалық қызмет көрсету персоналының қадағалауымен өртеу арнайы мақсаттағы жерлерде жүзеге асырылуға тиіс.

            Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңінде азаматтарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қолдану қажет, оның ішінде:

- ғимараттарға жақын аумақтарда және қоқыс контейнерлерінде қалдықтардың барлық түрлерін жағуды болдырмау;

- жеке тұрғын үйлер мен саяжай үйлерінің аумағында бастапқы өрт сөндіру құралдары (суы бар бөшке, өрт сөндіргіш, күрек) болуы қажет.

            Қорытындылай келе, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын айтқым келеді.

            Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес - өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды өртеу кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу, жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін қырық, жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соқтырады.

            Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары - өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, қырағы болыңыздар. Өз өмірлеріңіз бен жақын адамдарыңыздың өміріне сақ болыңыздар!

            Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда  дереу «112», «101» телефондарына хабарласыңыз

Ақсу қ.ТЖБ


2020-04-09 17:15:51

Сондай-ақ оқыңыз