Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ертіс өзенінің жайылмасында және шабындық алқаптарда өрт жиілеп кетті

 

 

         Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары Ертіс өзенінің жайылмасында және шабындық алқаптарда құрғақ шөптін жануы мен өртенуі жиіленіп кетті. Табиғатты сақтау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстау керек, атап айтқанда:

-         Тұрғын үй аулаларын, сонымен қатар саяжай учаскелердің аумағын жинау кезінде қоқыстар мен жапырақтарды өртеу кезінде арнайы белгіленген жерлерде жағу керек;

-         Балаларға сіріңкемен ойнауға рұқсат бермеңіз және қоқысты өзіңіз өртеңіз;

-         Жанғыш материалдарды және шөптерді қолданып от жағуға балаларға рұқсат берме;

-         Жанып жатқан отты қараусыз қалдыр ма;

-         Жанып шатқан оттың ұшқыны- жанында жатқан бұтаққа, ағаштарға, қурап қалған шөпке ұшып кетпеуін мұқият бақылаңыз;

-         Егер бір жерге кетпес бұрын отты сумен немесе құм шашып өшіріңіз;

Егер кенеттен өрт сіздің бақылауыңыздан шығып кетсе, келесі жағдайларды орындау қажет:

-         Егер қолыңызда күрек болса- өрт жиегінің бойымен шағын арықшалар (траншеяларды) қазу қажет;

-         Егер жанында елді мекен болса, өрт туралы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарласыңыз;

Жоғарыда айтылған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, сіз өрттің үлкен алаңға таралуына жол бермейсіз.

Жоғарыда көрсетілген пунктерді сақтамау өрттің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл тек қана шөптің жойылуын ғана емес, сонымен қатар техника, астық алқаптары, сондай-ақ адам өміріне әкеп соғады. Өрттің пайда болуына кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке қатаң түрде тартылады.

Табиғатты қорғайық! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

Ақсу қ. ТЖБ


2020-04-07 17:02:31

Сондай-ақ оқыңыз