Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Өрт-бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зияның тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Өрт-бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зияның тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Жыл сайын көктем айында «Ерекше қорғалатын табиғи аймақ Ертіс жағалауының» өртенуі үлкен апатқа әкеледі. Өрттер құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен територияға таралады. Кез-келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып әсіресе дала өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жіберуі мүмкін. Құрғақ шөптерді жағу- қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді. Күннің жылынуына байланысты барлық жер иелері жаңа шөпті шығару мақсатында ескі шөптер мен қалдық шөптерді өздері жаға бастайды.

30 наурыз куні 14:00 де Мамаит Омаров ауылының шаруа қожалығы Белое озенінің жайылмасында өртеу жұмыстарын жүргізгені анықталды.

Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде кінәлілер анықталды. Жұмыс жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік шараларын орындамау себепті Шаруа қожалық басшысына хаттама толтырылып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 410 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай ТЖБ бөлімі көктемгі-жазғы мезгілдерде барлық тұрғындарды және егістік жер иелерін өрт қауіпсіздігін сақтауға және ұқыптылықпен қарауға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидаларынның» 1015 тармағының келесі ережелерін орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген:

Шөптесін өсімдіктерді, аңыз қалдықтарын, сабандарды өртеу жұмыстарын (бұдан әрі – ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының (шаруашылықтарының) басшылары мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүргізеді:

1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;

2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын жүргізу уақытында жауапты адамдар тағайындалады;

3) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын орман алқаптарына іргелес учаскелерде жүргізген жағдайда, жұмыстарды жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын орман иелеріне хабарланады;

4) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;

5) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;

6) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар кемінде 8 метр етіп жыртылады;

7) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;

8) жалынның тез таралуын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығындағы өртеу желдің ық жағынан басталады;

9) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысы аяқталғаннан кейін өртелген аумақтың периметрін мұқият тексеру, барлық бықсу орындары мен жану ошақтарын анықтау және жою, ықтимал қайта жанудың алдын алу үшін 3 сағат ішінде күзет қою қамтамасыз етіледі.

Ақсу қ. ТЖБ


2020-04-02 17:02:21

Сондай-ақ оқыңыз