Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Көктемгі мұз қауіпі

2 Ауа райының жоғарлауына байланысты мұз қатуы бәсеңдеуде. Наурыз айының ортасына қарай көктемгі мұз жұқа болады. Түнгі суықта қатқан мұздың қауқары аз ғана салмақты көтеруге жарайды. Көктемде мұз тез жарылғыш және сынғыш болып келеді. Осы уақытта мұзда болу өте қауіпті.

Өздеріңіз білетіндей, балық аулау және аң аулау белсенді демалыстың сүйікті түрі болып табылады, бірақ көктем айларында балық аулау кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамау кері қайтарылмайтын салдарға әкеледі. Әуесқой балықшылар осы ережелерді сақтауда ғана емес, тәртіп бұзушылар болып табылады. Қауіп қатерге қарамастан балықшылар көктемгі мұзға шығуды жалғастыруда

Жыл сайын өзендерде, көлдер мен су қоймаларында адамдар мұз астында қалуына ұшырайды. Осындай жағдайлардың бірі Баянауыл ауданында балықшының суға кетіп қаза болуы.

 Есте сақтаңыздар! Адам суық суға түскеннен кейін 5 минуттан соң есін жоғалтып, ағзаның тоңазуынан қаза табады.

Адамдардың қаза болуына жол бермеу және су айдындарында (мұзда) төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі балық аулау орындарында шолулар мен рейдтер өткізді. Балықшыларға жадынамалар таратып, мұз үстінде жүріс-тұрысқа және  балық аулауға тиым салды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, сонымен қатар Ақсу қаласының ТЖБ азаматтарға мұзға шықпауға шақырады. Су қоймаларынан өтуге тиым салады. Сіздердің қауіпсіздігіңіз, өздеріңіздің сақтығыңызға байланысты екенің ұмытпаңыздар!   

                   Ақсу қ. ТЖБ


2020-04-02 16:30:33

Сондай-ақ оқыңыз